2 тап. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?
Қасық құлап түсті
Қасық құлады
Қасық жерге түсті
Қасық түсті
Қасық жерге түсіп кетті
*Дұрыс жауапты көк түсті қарындашпен белгіле.
V.Сабақты қорытындылау
19 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мәтін.
Мақсаты: 1.Оқушылардың мәтін туралы түсініктерін кеңейту;
2.Берілген тапсырмаларды орындату арқылы мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын таба білуге үйрету;
3.Оқушылардың оқу және жазудағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: мәтіннің негізгі ойын анықтауға үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырма орындау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа сабақ.
Ертегі, әңгіме, жыр, жарнама бәрі жиналып келіп, мәтін деп аталады. Мәтін мен қарапайым сөйлемдер жиынтығын шатастыруға болмайды.
Мәтіннің басы және аяғы болады. Ол белгілі бір ойды білдіреді.
Әрқайсысы әртүрлі ойды білдіретін болса, ол біртұтас мәтін емес.
Оны сөйлемдер жиынтығы дейміз.
|