Тапсырмамен жұмыс
Әңгімені оқы.
«Жалғыздық»
*Қалай ойлайсың, Еркебұлан неге тауға кеткісі келді?
Адам жалғыз өмір сүре ала ма?
Көпшілікпен өміп сүру үшін сыпайылық не үшін қажет?
Үлкендер мен балалардың арасында әдепті, тәрбиелі адамдар сенің маңайыңда бар ма? Солар туралы әңгімелеп бер.
Ал өзіңді әдептімін деп есептейсің бе? Әдепті болғаның өзіңе ұнай ма? Әрқашан барлық жерде өзіңді бірқалыпты ұстай аласың ба? Өзің туралы әңгімелеп бер.
Өзіңнің қаншалықты сыпайы екеніңді білгің келе ме? Онда төмендегі сауалдарға жауап бер. Ол үшін «иә», «кейде», «жоқ» деген үш жауаптың бірін таңда.
Тест
Көршілеріңмен үнемі амандасасың ба?
Дәмді тамақ әзірлесе анаңа немесе апаңа алғыс айтасың ба?
Сабаққа кешігіп қалып, мұғалімнен кейін келсең, кешірім сұрайсың ба?
Өзіңнен жасы кіші баланы байқамай қағып кетсең, кешірім сұрайсың ба?
Үйдегілер есепті шығаруға көмектессе, рақмет айтасың ба?
Даулы мәселе болса да, дауысыңды көтермей, жаймен сөйлей аласың ба?
Сегізінші наурызда әжеңді, анаңды, әпкелерің мен сіңлілеріңді құттықтайсың ба?
Ұйқыға жатар алдында үйдегілерге «жақсы жатып, жайлы тұр» деп айтасың ба?
Енді ұпайыңды сана.
«Иә» деген жауап үшін 2ұпай, «кейде» деген жауап үшін1 ұпай, ал «жоқ» деген жауапқа 0 ұпайдан қой.
Егер 12 - ден 16 – ға дейінгі ұпай жинасаң: Сен өте сыпайы баласың. Осы бетіңнен тайма!
8 – ден 11 ұпайға дейін жинасаң: Ұдайы сыпайы бола алмай жүрген секілдісің. Мұқият болғанның артығы жоқ.
Егер жинаған балың 8 – ден төмен болса: сыпайылықты үйренгенің жөн .Ол сенің қолыңнан келеді деп сенеміз!
Достарыңызбен бөлісу: |