ІІІ.Сергіту сәті.
ІV.Дәптермен жұмыс
«Тышқандар» деген ертегі естерінде бар ма?
«Тышқандар» ертегісінен үзінді оқу.
*Тышқандардың өзара әңгімесін дауыстап оқып көр.
*Қай жерінде дауыс кекесінмен шығуы керек?
*Қай тұста тышқандардың қуанғанын аңғаруға болады?
3.Мысалды оқы.
Ата-анаң демалыс күні сені саябаққа апаруға уәде берген. Бір апта бойы жексенбіні асыға күтіп жүрдің. Саябаққа жиналып жатқан уақытта үйге досың келді.
Ол математикадан есеп шығаруға көмектесуіңді өтінді.
Досыңа қалай жауап берер едің?
Қандай жауап досыңды ренжітуі мүмкін?
Қандай жауап екеуіңнің достығыңды нығайта түседі деп ойлайсың?
Достарыңызбен бөлісу: |