Кәсіптік білім беру педагогикасы пәні. Тақырып «Кәсіптік білім беру педагогикасы» оқу пәні. Мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі15,63 Kb.
#85191
Байланысты:
1 лек
Жас полиглот ереже (5)

Кәсіптік білім беру педагогикасы пәні.


Тақырып 1. «Кәсіптік білім беру педагогикасы» - оқу пәні.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындау.
Жоспары:
1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.
2.Қазіргі кездегі білім беруді жетілдірудің талаптары.
Негізгі ұғымдар: «Білім беру жүйесі», «Білім беру жүйесінің міндеттері», «Білім беру деңгейлері».
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Алматы, 2007. Алматы 2010.
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2003.
3. Өстемиров К, Шәметов Н. Васильев И. Кәсіптік педагогика. Алматы, 2006.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 3-тарау 10-бапында «білім беру жүйесі» ұғымына мынандай анықтама берілген: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының;
2) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;
3) білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.
Кәсіби білім беружеке тұлғаның еңбектік әлеуметтендірудың қоғамдық және педагогикалық ұйымдастырылған процесі. Бұл үдеріс жеке тұлғаны кәсіптер әлемінде бағдар алуын және бейімделуін қамтамасыз етеді, нақтылы мамандықты меңгеруіне және біліктілік деңгейіне қол жеткізуіне, кәсіби құзыреттіліктеріның, шеберлігінің үздіксіз дамуына, адам қызметіның әр түрлі салаларында қабілеттеріның дамуына мүмкіндік жасайды.
Кәсіби білім берубұл:кәсіби оқыту және тәрбиелеудің мақсатты педагогикалық үдерісі; мемлекет және қоғам іске асыратын білікті жұмысшы күштерді өндіру, мамандарды дайындау, қайта дайындау және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған мақсатты процесс.
Кәсіптік білім беру жүйесі кәсіби білім беру мекемелерінің тармағынан құралады – қарапайым курстардан жоғары және жоғары білімден кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарына дейін.
Кәсіптік білім беру дегеніміз кәсіби дайындық және кәсіби білім берудің белгілі бағдарламасын құзыретті меңгерудің деңгейінің болуы.
1. Білім беру жүйесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүр­лерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажет­тігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәрте­бесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дер­бестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
Білім беру деңгейлері
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет