Лекция сабағы оқыту процесінің ең бір күрделі түрі. Негізінен ол жоғарғы кластарда өткізіледі.
Мектеп лекциясының әңгімелеу мен түсіндіруден айырмашылығы сол, ол айтып түсіндірудің аумайтын дәлдігімен сипатталады. Мектеп лекциялары, әдетте оқу программасының үлкенді-кішілі және принципті маңызды мәселелері бойынша оқылады. Лекцияның мақсаты оқушылардың басқа білім көздеріне мәліметтер мен деректерді қорытындылау т.б.
Лекцияны тыңдау әңгімені тыңдаудан қиынырақ, өйткені ол оқушының ырықты зейінін күшті аударуды талап етеді. Материалды проблемалық жолмен баяндау және оның жоспарын хабарлаушы оны қабылдауды жеңілдетеді. Алайда, кейбір шолу лекциялары емтихан алдында материалды қайталау қажеттілігімен байланысты 8-9 кластарда да оқылуы мүмкін.
Мектеп лекциясының ЖОО оқылатын лекцияларға қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі ескеріледі, оқу материалдары өте күрделі, логикалық байланысы басым, оқулықтарда толық қамтылмаған және жаңа деректер, мәліметтермен байланысты болған жағдайда мектепте лекция сабағы өткізіледі. Мұғалім лекция-сабақты өткізуді методикалық тұрғыдан алдын ала ойластыруы керек.
Мұғалімдер алғашқы лекция-сабақтарда оқушыларға сабақтың мұндай түрі кездейсоқ таңдалмағанын, ал оқушыларды материалды таңдай білуге, баяндалған информацияны қабылдауға талдап жинақтауға, лекцияның маңызды тұстарын бөліп көрсетуге, қысқаша тұжырымдар жазып конспектілеуге үйрететінін ұғындырады.
Мектептегі лекция өзінің дидактикалық мақсатына қарай үшке бөлінеді:
Кіріспе лекция
Жаңа материалды түсіндіруге арналған лекция
Өтілген материалға қорытынды жасауға арналған лекция. Олардың ұзақтығы 30-35 минуттан аспау керек.
Көптеген мұғалімдердің педагогикалық озық тәжірибелері оқу-тәрбие жұмысын жаңа сапалық сатыға көтеруге, әрбір сабақтың білімділігін, тәрбиелік
дамытушылық міндеттерін тиімді шешуге әртүрлі мүмкіндіктер мол екендігін көрсетеді.
Осындай мүмкіндіктердің бірі – конференция сабағы. Бұл сабақ әртүрлі методикалық амалдарды үйлесімді пайдалану нәтижесінде оқушының таным белсенділігін туғызуға, мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнатуға және шәкірттердің дербестігін дамытуға ықпал жасайды.
Конференция сабағы мұғалімдер тәжірибесінде біртіндеп орын алып келеді. Конференция түріндегі сабақты төменгі кластарда көбінесе тараулар бойынша, ал жоғары кластарда жеке тақырыптар бойынша құрған дұрыс. Сабақты өткізудің мұндай әдісіне алдын ала әзірленген жөн. Ол үшін класс екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сұрақ берушілер, «тілшілер» қызметін атқарады, ал екінші
топ жауап берушілер, түрлі саладағы «мамандар» тобын құрайды. Конференция-сабақты өтерден 3-4 күн бұрын кабинетте арнайы «пошта
жәшігі» ілінуі тиіс. Оған оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды тастап, жауап күтеді. Ал сабақ процесіне қатысты негізгі сұрақтар алдын ала беріліп, оларға оқушы-мамандар тарапынан жауаптар әзірленеді. Бұл жұмысқа басшылық жасауды, оған көмектесуді мұғалім өз міндетіне алады.
Конференция пайдалы, әсерлі болуы қойылатын сұрақтардың сапасы мен мәнділігіне байланысты. Сондықтан да «тілшілерге» әзірленген сұрақтарының мәнді болуы талап етіледі және осы сұрақтарының қызықтылығына, ізденісті тудыратын мәнділігіне байланысты сол оқушыларға баға қойылады.
Конференция-сабағы өтілер алдында класс тақтасы алдын-ала қатар-қатар столдар қойылып, оған «мамандар» орналыстырылады. Отырған орындарында шағын кестеде олардың мамандық қызметі жазылады.
Практикум — қандай да бір қондырғының құрылысын, жұмыс істеу принципін, жөндеу және реттеудің практика жағынан оқып білу мақсатында қолданылатын оқу процесін ұйымдастырудың бір формасы.
Практикумды өткізудің типтік план-схемасы.
Оқытушы машина, механизм, прибор, агрегат немесе басқа да қарастырылатын қондырғының құрылысы жайлы негізгі мәліметтерді түсіндіреді.
Қорытынды әңгіме жүргізу мақсатында сұрақтарды тізу - 8... 10 мин. Оқушылардың өз бетінше практикалық жұмысы (қондырғыны бұзу, қайта
жинау, кемшіліктер диагностикасы, жөндеу, реттеу) - 50...60 мин.
Өткізілген практикум бойынша әңгіме өткізу, оқытушының қорытындыны жариялауы, оқу бригадаларының жұмысын бағалау— 20 мин.
Оқушылардың практикумның негізгі нәтижелерін конспектілеуі - 8... 10 мин.
Сабақтың келесі түрі ойындар – семинар сабақтарында қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |