Кәсіптік оқыту әдістемесі


Кәсіптік оқыту принциптері



бет8/54
Дата07.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#91012
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Байланысты:
Конспект лекций

2.2 Кәсіптік оқыту принциптері

Кәсіптік оқыту принциптері - орындалуы қажетті тиімділікті қамтамасыз ететін қандай да бір мәліметтер жүйесі, оқыту процесіне қойылатын негізгі дидактикалық талаптар. Окыту принциптерінің тарихи сипаты бар, уақыт өтуіне байланысты ескіріп, орнына қоғамның жаңа талаптарын зерделейтін жаңа принциптер келуі мүмкін. Дидактикалық принциптер бір-бірімен тығыз байланысты, кешенді түрде қолданылады. Сондықтан, педагог сабақ жүргізу барысында олардың көпшілігін, кей жағдайда барлық принциптерді басшылыққа алады.


Кәсіптік оқыту негізін қалаушы қағидалар:





  • оқыту, тәрбие және оқушыны дамыту міндеттерін шешудегі тығыз байланыс;




  • оқытудың ғылымилығы;

  • оқытудың жүйелілігі және реттілігі;

  • оқытудың қолжетімділігі;

  • оқытудың көрнекілігі;

- оқытудағы саналылық және белсенділік;



  • оқытудың түрлі тәсілдері, формалары мен құралдарының тиімді үйлесуі;




  • оқыту, тәрбие және оқушыны дамыту нәтижелерінің беріктігі және ықпалдылығы;




  • білім, іскерлік және дағды қалыптасуы.

Кәсіптік оқыту педагогының қызметі - кәсіптік оқытудың теориялық оқуын жүргізуге, өндірістік тәжірибеге басшылық етуге бағытталған. Кәсіптік оқытудың теориялық оқуын жүргізу – педагогтың білімді хабарлау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оқу-танымдық және кәсіптік іс-әрекетін кәсіби түрде жүргізуі. Оның барысында оқушыларға ақпарат тарату, алған білімдерін практикада қолдануды ұйымдастыру жүзеге асырылады. Сабақ жүргізу – оқыту немесе дидактикалық іс-әрекет технологиялық іс-әрекет сипатында болуы шарт.


Дидактикалық іс-әрекет мәні оның мақсаттары, функциялары, құрылымы және мазмұнында айқын көрсетіледі.

Салада жұмысшыларды кәсіптік оқытудың мақсаты төмендегі шарттармен байланысты: ғылыми-техникалық прогресс талаптары; қоғамның әлеуметтік тапсырысы; ҚР «Білім туралы заңы»; әлемдік ғылым және ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктері байланысы; әлеуметтік-экономикалық, психологтық-педагогикалық, материалдық-техникалық және мәдени қатынастар; адамзаттың табиғат пен техносферадағы орны.


Дидактикалық іс-әрекет функциялары:





  • оқыту функциясы – білімдер жүйесін меңгеруді, оқушылардың түсінуге жетуін және пән бойынша іскерлік қалыптастыруды қамтамасыз ету (жалпы кәсіптік, арнайы, меңгерудің белгілі бір дәрежесінде);




  • дамыту функциясы – ойлауды, елестетуді, сөйлеуді, жадыны, ұқыптылықты, белсенділікті және өз бетінше орындауды қалыптастыру, әрі жетілдіру;




  • тәрбиелік функция –кәсіптік маңызды сапаларды қалыптастыру, кәсіптік бағдарлауды, мамандыққа қызығушылықты қалыптастыру, кәсіптік қатынастар нормасын жетілдіру, еңбектік, эстетикалық, ұжымдық тәрбиені қалыптастыру;




  • әдістемелік функция – оқу процесін жүргізуді жетілдіру, оның тиімділігін арттыру, педагогтық шеберлікті қалыптастыру.

Сурет 2. Оқытудың дидактикалық принциптері


Осы аталған принциптер жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқытуда, сол секілді өндірістік оқытуда олардың оқу процесіндегі мазмұны мен орнына сай қолданылады. Өндірістік оқыту процесінің өзіндік ерекшеліктері бар, ондағы принциптер мынадай:




1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет