заманауи өндіріс талаптарына сәйкестік. Осы принципке сәйкес оқушыларды қазіргі техника мен технологияның деңгейіне ғана емес, олардың даму перспективасын ескере отырып даярлау керек. Тек осындай жағдайда ғана кәсіптік оқу орындарын бітіретін жастар өндірісте сұранысқа ие болады, күрделі машина мен механизмдерді,
техникалық құрылғыларды басқара алады. Осының барлығы түптеп келгенде, оқу процесінде оқытудың проблемалы-ізденісті тәсілдерін,
зерттеу зертханалық-машықтану жұмыстарын жүргізуді, шығармашылық сипаттағы жаттығуларды орындауды, оқытудың заманауи құралдарын қолдануды талап етеді.
|