Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік



бет7/8
Дата18.05.2022
өлшемі230 Kb.
#143795
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дневник 2021-2022

Ж А Д Ы Н А М А

1.Кәсіптік практика оқу барысының құрама бөлігі болып табылады және теориялық білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын атқарады.


2.Студент практикаға шығар алдында алуы керек: практика бағдарламасын; жеке тапсырмаларын (курстық немесе дипломдық жұмыстар бойынша); практика күнделігін; практика бағыттамасын (мемлекеттік грант негізіндегі оқитындарға).
3. Студент практикаға шығар алдында практиканың мазмұны мен бағдарламасымен танысуы керек және тиісті әдебиетті зерттеп біліп, практика жетекшісінен және деканнан ұйым және практиканың әдістемесі бойынша қажетті ақыл-кеңес алуы керек.
4. Күнделікті студенттің өзі толтырады:істеген жұмыстарының орындау мерзімін көрсете отырып, кемінде аптасына бір рет жазылуы тиіс. Базалық кәсіпорындағы практика жетекшісінің қолымен күәләндырылады. Практиканың аяқталуы алдында сол жетекшіден қол қойылған және мөр басылған мінездеме алуы керек.
5. Практика туралы есептемеде келесі сұрақтар қамтылады: практика базасы, практикадан өту тәртібі мен мерзімі туралы жалпы мәліметтер, жұмыстың мақсаты мен міндеті, жеке тапсырмаларды орындау туралы қысқаша хабарлама, қызықтыратын мәселелерді талдау және жалпылау.
6. Жеке тапсырмалар бойынша есептеу нәтижелері белгіленген мерзімдерде берілген тақырыппен сәйкес құрылып, безендіріледі.
7. Практика аяқталғаннан кейін студент кафедраға: практика күнделігін, базалық кәсіпорындағы практика жетекшісінің мінездемесін, практика туралы есептемесін өткізуі керек.
8. Практика туралы есептемені студент арнайы комиссияның алдында қорғап, қабылданған жүйе бойынша бағаланады.
9. Қанағаттанарлықсыз баға алу немесе практика туралы есептемені өткізбеген жағдайда өз есебінен қайта өтуіне әкеліп соғады.
10. Егер студент практикаға немқұрайлы қарап, тәртіпті бұзса немесе қорғауға толық дайындықсыз келіп, практика бағдарламасы бойынша біліксіздігін танытса бұзушылықтың сипатына қарай қайта оқу жылына қалдырылады немесе студент қатарынан шығарылады.
11. Практика нәтижелерінің бағасы теориялық пәндер бойынша емтихандық бағалармен қатар есепке алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет