Кестелер тізімі 3 Суреттер тізімі 4 Резюме 5 Кіріспе 7 Жобаның тұжырымдамасы 8



бет3/7
Дата25.01.2017
өлшемі0,77 Mb.
#7805
1   2   3   4   5   6   7


жыл

Мазмұны


Кестелер тізімі 3

Суреттер тізімі 4

Резюме 5

Кіріспе 7

1. Жобаның тұжырымдамасы 8

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9

4. Маркетингтік жоспар 11

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 11

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 12

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер 13

4.4 Маркетинг стратегиясы 13

5. Техникалық жоспарлау 15

5.1 Техникалық процесс 15

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 15

5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 15

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 16

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 16

7. Жобаны іске асыру 17

7.1 Іске асыру жоспары 17

7.2 Жобаны іске асыру шығындары 17

8. Пайдалану шығыстары 18

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 19

10. Қаржыландыру қажеттілігі 21

11. Жобаның тиімділігі 22

11.1 Cash-flow проекциясы 22

11.2 Пайда мен залалдардың есептері 22

11.3 Баланс проекциясы 22

11.4 Қаржы индикаторлары 22

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 24

12.1 әлеуметтік-экономикалық мәні 24

12.2 Қоршаған ортаға әсер 24

Қосымшалар 25


Кестелер тізімі




Суреттер тізімі




Резюме


Жобаның тұжырымдамасы Шымкент қаласында футбол клубын ашуды қарастырады.

14 жасқа дейінгі балалар нысаналы топ болып табылады..


Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығыстар, мың тг.

2 012

Негізгі капиталға инвестициялар

4 795

Негізгі капитал

1 327

Барлығы

6 122

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.



Қаржыландыру көзі, мың тг .

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Өз қаражаты

1 327

03-04.12

22%

Қарыз қаражаты

4 795

03.12

78%

Барлығы

6 122




100%

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:



Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставка, жылдық

12%

Пайыздар мен негізгі борышты төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Негізгі борышты өтеу түрі

тең үлестермен

Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері:



Жылдық пайда (5 жыл), мың тг.

5 233




Активтердің рентабельділігі

30%



13% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 5 жылда 12 915 мың теңгені құрады.



Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

77%







Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

12 915







Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

2,2







Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

2,5






Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

- Шымкент қаласында 5 жаңа жұмыс орнын құру;

- Шымкент қаласының бюджетіне қосымша түсімдер.

Жобаның әлеуметтік әсерлері арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

- халықтың, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесімен және спортпен үнемі айналысуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;

- халықтың (балалар мен жасөспірімдердің) денсаулығын сақтау, нығайту, жұмыс істеу қабілетін арттыру, салауатты өмір салтын және бос уақыттарын қалыптастыру;

- спорт ғимараттары мен басқа да сауықтыруға бағытталған объектілерді барынша тиімді пайдалану;

- спортқа тартылатын балалар санын ұлғайту, нәтижесінде жасөспірімдер жасайтын құқық бұзушылықты азайту.

Кіріспе


Шағын-футбол соңғы кезде Қазақстанда, қазақстандық бизнесте кеңінен тараған.

Шағын футбол спорттың қызықты түріне айналуының себептері мол.

Біріншіден, футбол – бұл спорттың құмарлы түрі, ол бизнеспен айналысатын көптеген адамдар сияқты тұтастай алған,да ер-азаматтардың бәріне ұнайды.

Екіншіден, спорттың басқа көптеген түрімен айналысуға қарағанда шағын футбол үшін жағдайлар көп. Негізінен онымен көптеген спорт залдарда айналысуға болады.

Бұдан басқа, шағын футбол үшін командаға 11 ойыншы емес ғана қажет болады, 12 футбол құмар адам болса, олардың екі командаға бөлініп, жаттығуларына болады.

Жалпы, футболдың имиджі соңғы кезде қатты өзгерді, егер бұрын оған ұлттық спорт ретінде қараса, енді белгілі ойыншылардың нәтижесінде ол ерекше және беделді ойынға айналды.


1. Жобаның тұжырымдамасы


Жобаның тұжырымдамасы Шымкент қаласында балалар спорт клубын ашуды қарастырады.

14 жасқа дейінгі балалар нысаналы топ болып табылады.

Клуб мектептің жалға алынған спорт залында орналасады. Сондай-ақ, мектеп жанындағы балалар футбол алаңын жалдауға да болады.

Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымдарын жеңілдетілген декларацияның негізінде арнайы салық режимін қолдана отырып қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады.

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы


Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері бүгінде сервистік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Адамдарда әлеуметтік маңызды болып табылатын сауықтыру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты спорттық қызметтерді ұйымдастыруда ақылы қызметтер маңызды рөл атқарады және сондықтан да ақылы қызметтер өндірісі дене тәрбиесі ұйымдары ұсынатын қызметтер сапасын арттыру болып танылады.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтері кеңейту және коммерциялық дене шынықтыру және спорт қызметтерін ұйымдастыру халықтың дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысуына деген қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруға, денсаулықты сақтауға, нығайтуға, жұмыс істеу қабілетін арттыруға, салауатты өмір салты мен бос уақытын қалыптастыруға, сондай-ақ спорт ғимараттары мен сауықтыруға бағытталған объектілерді барынша тиімді пайдалануға бағытталған.

Жаңа ақылы спорт қызметтерін құру процесін зерделеу сервистік қызметке перспективті бағыт ұстау болып табылады. Бүгінде ақылы қызмет түрлері өсуде, өйткені олар мынадай санаттар бойынша әр түрлі: қызметтерді ұсыну бағасы, түр-түрі, дене шынықтыру әсері, сондай-ақ ересектер санаттары бойынша.

Топ жастарына қарай бөлінеді. 1-топ – 7 жасқа дейінгі балалар, 2-топ – 8-ден 11 жасқа дейінгі балалар, 3-топ – 12-ден 14 жасқа дейінгі балалар. Әрбір жас топтарының саны – 2. Осылайша, барлық топ саны – 6. Жарты топ дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, екінші жартысы - сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері дайындалатын болады. Бір сабақтың уақыты – 1 сағат. Сабақ уақыты күндізгі және кешкі деп бөлінеді. Осылайша, әрбір баланың бос уақыты ескерілетін болады.



3. Өндірістер бағдарламасы

1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.


1-кесте – Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш

2 012

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Топтар саны, бірлік

4

5

6

6

6

6

6

Топтардың толықтырылуы

67%

84%

90%

90%

95%

95%

100%

Балалар саны, адам

15

15

15

15

15

15

15

1 айға сатылуы, мың теңге

480

754

972

972

1 026

1 026

1 080

Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың қаланың әр түрлі аудандарында балалар футбол клубтарына деген қажеттілігін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.

Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға және өнімнің толық өзіндік құнына негізделген.


2-кесте – Өнімнің жоспарлы бағалары

1 балаға бір айға төленетін ақы

мың тг.

12

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі сонымен қатарлас кәсіпорын қызметі бағасының ұлғаюына әсер ететін болады. .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет