Күрделі сөзден, сөз тіркесінен болған пысықтауышты күрделі пысқытауыш дейміз.
1.Негізгі сөз бен көмекші есімнің байланысынан болады. Бұлар ауылдың шетіне кешке ілікті.
2. Негізгі сөз бен септеулік шылаулардың байланысынан болады. Ұжымшар жыл сайын мол табысқа қол жеткізуде.
3. Сөз тіркесінен болады. Абзал Астанада он күндей болды.
4. Тұрақты тіркестен болады. Жотадан ауыл алақанға салғандай болып көрінді.
|