Өкпе абсцесі
Өкпеден болған іріңдік деп іші іріңге сырты іріңді қабықпен (пиогенная оболочка) қоршаған іріңдікті атайды. Іріңдіктің болатын себептері: өкпе жедел қабынғанда, өкпенің қан айналуы бұзылғанда, ауаның кеңірдекшелер өзегінен нашар жүруінен, өкпенің қатерлі ісігі, микробтардың қан, лимфа тамырлары арқылы өкпеге келуі тағы басқа себептерден болады. Өкпе ұлпасын қабындыратын микроорганизмдердің ішіндегі стафилококк, кейде іш таяқшалары кездеседі, бөгде зат (шемішке, темір ақшалар-балаларда), ауа қуысынан түкірікпен бірге микробтар кіргенде пайда болады. Өкпе іріңдігі көбінесе ер адамдардың арасында жиі кездеседі. Өкпе іріңдігі өкпенің оң жақ жоғарғы бөлшегінде жиі болады. Олар біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |