Қабырғалардың аномалиялары қабырға шеміршегінің деформациясы немесе оның болмауы, екі еселенуі, синостоз, қабырғаның болмауы немесе кең ашылуымен болады
Қабырғалардың кеуде бөлігінің екі еселенуі төс маңында алдыға шығып тұратын тығыз түзіліс түрінде көрінеді. Кейде осы жағдайды ісіктіқ үрдіспен ажыратуға тура келеді. Ем тек косметикалық дефект беретін деформациялар кезінде жүргізіледі. Операция мақсаты деформацияланған шеміршекті субхондралды резекциялау.
ПАЛАНД СИНДРОМЫ.
Паланд синдромы үлкен кеуде бұлшық етінің гипоплазиясы немесе аплазиясы, кіші кеуде бұлшық етінің бір жақты гипоплазиясымен сипатталады. Кейде аталған синдром кезінде қабырғаның болмауы, емізіктің гипоплазиясы немесе аплазиясы, сүт бездің аплазиясы, қолдың деформациясы байқалады. Диагностика сырттай қарауымен анықталады. Қабырғалардың жағдайын білу үшін рентгенография жасалады. Егер өкпелік жарықтың дамуына әкелетін айқын дефект кезінде сау жақтан аутотрансплантация жасалады. Кейбір хирургтар синтетикалық материалдарды қолданады. Жоқ бұлшық еттерді арқаның жалпақ бұлшық етімен алмастырады.