ШЕТ АУДАНЫАҚЖАЛ КЕНТІНДЕ ШЕРТПЕ КҮЙ ШЕБЕРІ, ОБЛЫСТЫҚ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ БОЛҒАН ОРАЛ ИСАТАЙҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ «Сарыарқа» телеарнасы. Уақыты 15.32. 18 мамыр, 2015 жыл Әдеби-сазды кешке ерекше дарын иесінің әріптестері, достары,
шәкірттері және ұрпақтары қатысты. Олар белгілі тұлғаның салып кеткен
сара жолынан сыр шертіп, күйлерін орындады. Орал Исатайұлын еске алу
кешіне оның өнерін қадір тұтатындардың бірі қалмай жиналған. Себебі
оның күйінің үні мен дүбірі күллі аудан халқының құлағынан әлі кетпеген.
Алты жасынан домбыраны қолына алған сәттен бастап ол тыңдарманын
көңіл толқытар күй құдіретіне бөлеуден жалықпады. Сол еңбегін жасы да,
жасамысы да біледі әрі құрмет тұтады. Мына бейнекадрлар 1990 жылда-
ры түсірілген. (Сілтемесі: https://kartv.kz/kz/news/culture/page_81816_
shet-audany-akzhal-kentinde-shertpe-kyi-sheberi-oblystyk). Бұл – Орал
Исатайұлы Кенесары қамалының жанына жайғасып, күй арқылы баба
рухына тағзым еткен сәті. Дәл осы сапарда бірге болған белгілі жазушы
Кәмел Жүністегі «Қасиетті жерде Орал Исатайұлы күйді шерткенде ерек-
ше толғанып, тебіреніп еді» деп еске алады.
Орал Исатайұлы Қыздарбек Төребайұлы, Әбди Рыспекұлы, Тәттімбет
Қазанғапұлы тәрізді біртуар тұлғалардың күй мұрасын саф қалпында
орындап, өзі де «Ақадырым» және «Ағекем» атты күйлерін шығарған.
Туындылары тіпті «Қазақтың 1000 күйі» жинағына да енген. Ата-
дан балаға мұра болып қалған осы шығармаларын әдеби-сазды кеш-
те Орал Исатайұлының немерелері орындады. Ұлағатты ұстаз, шерт-
пе күй шеберін елі қазақ күй өнеріне айтарлықтай үлес қосқан тұлға
деп біледі. Оған Орал Исатайұлының Шет ауданына қарасты Қарабұлақ
Бұқаралық ақпарат құралдарынан
28
ауылында балаларға арнап домбыра үйірмесін ашқаны мысал бола
алады. Ал Ақшағыл ауылындағы орта мектептің директоры болып
жүргенде «Ақбұлақ әуендері» атты ансамбль құрады.