Орал Исатайұлының өз дауысы
жазылған аудиотаспадан
Мен жасымнан өнерге құмар, екі ішекті домбыра үнінен шыққан
күйлерді тыңдауға және үйренуге алты жастан талаптандым. Күй сазын
терең ұғуға құмарландым және оны қадірледім. Сондықтан мына өлең
шумағын күй тарихына арнадым.
Күй құдіреті
Өмірі бабалардың шерлі, мұңлы,
Жүректі тербететін зарлы үні.
Мұра қып домбырамен қалды артында,
Ұрпағы еске алсын деп өткен күнді.
Зарлатып қыл қобызын Қорқыт бабам,
Тыңдағанда көңілім хош, рахат табам.
Көзіме елес болып аңыраған
Өткендей Асанқайғы – шерлі бабам.
Тәттімбет күй өнерін мұра қылған,
Опа бермей алды ғой мына жалған.
Бай-сұлтанның әжуа-мазағына
«Бестөре», «Местөре» атты күйі қалған.
Құрманғазы өмірі өксіп өшкен,
Күйлері тау суындай тасып өткен.
Ақ патшаның темір-құрсау түрмесінен,
Күй құдірет, бұғаулы «Кісен ашқан».
Әбікен домбырасын жайлап шерткен,
Тәттімбетті халқына таныс еткен.
Орындау шеберлігі қандай ғажап,
Күй сазы өн бойыңды елжіреткен.
31
Әшімтай да сырласқан «Қоңыр қазбен»,
Мұңдарын түсініскен күй назымен.
Теріс ішекпен тартқанда Мағауия,
Үні кетпес құлақтан қаңқылдаған.
Өлең 2011 жылы 18 ақпанда жазылған, еш жерде жарияланбаған
(Кәмел Жүністегінің жеке фонотекасынан алынды).
32
жүрдек ырғақпен, көңілді
mf
24
34
24
58
24
58
24
34
58
34
58
24
34
58
34
58
24
58
24
24
24
58
24
58
24
&
# ≥ ≥ ≤ ≥ ≤ ≥ ≤ ≥ ≤
≤ ≤
Достарыңызбен бөлісу: |