Оқу іс-әрекетінің тақырыбы



Дата27.12.2016
өлшемі30,47 Kb.
#5483
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары.

Мақсаты: бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету. Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпын- дыру. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: домбыра, қобыз, асатаяқ, сырнай, тайтұяқ, ұрмалы аспаптар; жетіген суреті; әр аспаптың тарихы, неден жасалатыны, құрылысы туралы әңгімелесу; аспаптар дыбысы жазылған үнтаспа.

Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: түрлі ұлттық саз аспаптарымен таныстыру; музейге саяхат; құмда аспаптардың суретін салу, мүсіндеу.

Іс-әрекет кезеңі:

1.Ұйымдастыру:Кіріспе әңгіме

Ата-бабамыз өте ерте кездің өзінде-ақ музыкалық аспаптардың мынадай топтарын ойлап тапқан:


  • Шертпе аспаптар - домбыра, шертер, шіңкілдек, жетіген, адырна.

  • Қияқты аспаптар - қобыз, сазген, созаншы, егек, т.б.

  • Үрлеп ойналатын аспаптар - сыбызғы, сазсырнай, уілдек, желбуаз.

  • Ұрмалы аспаптар - дабыл, даңғыра, кепшік, шыңдауыл, дауылпаз, үран, керней.

2.Жұмбақ:

Ұзын мойын, екі ішек, Қатар-қатар тепкішек. Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп. Бұл не?



  • Домбыра мен қобыздың айырмашылығы қандай?

  • Қандай үрмалы аспаптар түрін білесіңдер?

3.Ән тыңдау. «Қобыз». Б. Қыдырбек.

  • Балалар, музыка тыңдағанда естеріңе не түсті?

  • Қобыз туралы сөз болғанда кім еске түседі?

  • Қорқыт атаның қандай күйлерін білесіңдер?

  • Сендер басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

  • Аспаптар қандай топқа бөлінеді?

Қобыз бен Қорқыт есімі әрқашан қатар жүреді. Көбінесе күй өте зарлы, мұңды, қайғылы дыбысталады. Композитор музыка әуенімен қобыздың дыбысын берген.

4.Ән айту. «Домбыра сазы». И. Нүсіпбаев.

  • Әр композитор қазақтың киелі аспабы домбыраны әртүрлі әнге салып жырлаған. Домбыра туралы тағы қандай өн білесіңдер?

  • Ән қандай көңіл күйде жазылған?

  • Ән сендерге ұнады ма?

Ән айтар алдында дауысты жаттықтырып алу, денені түзу ұстап, дыбысты еркін шығару. Демді үнемдеп, сөздің арасында тыныс алмау. Әнді иықты көтермей, ішпен айту.

5.Әуенді қимыл-қозғалыс. Сылдырмақпен би. Қазақ биі - «Қаз-қатар».

Сылдырмақтарды екі қолға ұстап, көңілді музыка әуенімен шеңбер бойымен жеңіл жүгіру. Тоқтап, белгілі музыка ырғағымен түрлі қимылдар жасау. Би қимылдары арқылы әсемдікке тәрбиелеу.



Музыкалық-дидактикалық ойын: «Қатты және ақырын музыка».

Музыканы дыбысқа қарай ажырата білуге, есту қабілетін дамытуға дағдыландыру.

Түрлі музыкалық шығармаларды ойнап, қай музыка қатты, қай музыка жай дыбысталуын ажырата білуге талпындыру.

Қатты сөзін музыкада - «форте», жай ойнағанды - «пиано» деп атайды. Фортепиано (қазақша - күйсандық) - «қатты» және «жай» деген екі сөздің қосындысынан шыққан.



Әліппе-дәптермен жұмыс.Қорытынды: Балалардан сұрақ-жауап арқылы аспаптар- дың атын пысықтау, топқа қысқаша қорытынды. Балаларды қолдау, мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет