Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі. Анықтама: Х кездейсоқ шамасының қабылдай алатын барлық мүмкін мәндерімен оның сәйкес ықтималдықтарының көбейтінділерінің қосындысы дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі деп аталады.
Айталық, Х кездейсоқ шамасы х1, х2,..., хn мәндерін қабылдай алатын болсын, олардың сәйкес ықтималдықтары р1, р2,...,рn тең болсын. Онда Х кездейсоқ шамасының математикалық күтімі былай анықталады:
М(х)=х1р1+х2р2+...+хnрn.
Егер Х дискретті кездейсоқ шамасы санаулы жиынның мүмкін мәндерін қабылдаса, онда
Математикалық күтімнің қасиеттері
Тұрақты шаманың математикалық күтімі өзіне тең, яғни С тұрақты болса: М(С)=C.
Тұрақты көбейткішті математикалық күтімнің алдына шығаруға болады:
М(СХ)=СМ(Х).
3. Егер кездейсоқ шамалар тәуелсіз болса, онда көбейтіндінің математикалық күтімі көбейткіштердің математикалық күтімдерінің көбейтіндісіне тең:
4. Екі кездейсоқ шаманың қосындысының математикалық күтімі, қосылғаштардың математикалық күтімдерінің қосындысына тең:
М(Х+У)=М(Х)+М(У).
Анықтама: Үздіксіз кездейсоқ шаманың дисперсиясы оның ауытқуының квадратының математикалық күтімiне тең:
немесе
Егер Х-тің қабылдайтын мүмкін мәндері Х осінің бойында жатса, онда
тең болады.
Үздіксіз кездейсоқ шамасының орта квадраттық ауытқуы дискретті кездейсоқ шаманың орта квадраттық ауытқуы сияқты анықталады,