ТЫҢДАЛЫМ
Тоқсандық жоспар
Әр бөлімнің үш айға арналған тоқсандық жоспары болуы тиіс. Оны бөлім бастығы құрастыруға міндетті. Жоспарда атқарылуға тиісті жұмыстар ретімен көрсетіледі.Оны басқарма бастығы тексеріп, талдайды, түзетулер еңгізеді. Дайын жоспарды бекітіп, қол қояды. Жоспарда бөлім қызметі бойынша атқарылуға тиісті жұмыстар, алдағы негізгі іс-шаралар,іссапарлардың кестесі тағы басқа жұмыстар жазылады.Өткізілген күні нақтыланып, жауапты қызметкерлер бекітіледі. Қандай уақыт аралығында орындалатыны көрсетіледі. Әр бөлім тоқсан қорытындысы және атқарылған жұмыс жоспарының орындалуы бойынша тоқсандық есеп тапсыруы тиіс.
Сонымен бірге әр қызметкер өз саласы бойынша атқаратын жұмыс жоспарының орындалуы бойынша тоқсандық есеп тапсыруы тиіс.
АЙТЫЛЫМ
Наурыз мерекесі
Наурыз мейрамы — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық дәмнен тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. 7 санына байланысты әдет-ғұрыптар да бар. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне 7 қонақты шақырып, өзі де 7 үйге кіріп шығады. Наурыз мейрамы — діни мереке емес. Бұл — қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.
ОҚЫЛЫМ
Қостанайдың тарихи ғимараттары.
Қостанайдың негізі 1879 жылы Тобыл бойында сауда орталығы ретінде құрылды.
1879-1895 жылдар аралығында Николаевск атын алды;
1895-1997 жылдар аралығында – Кустанай;
1997 жылдың 17 маусымынан бастап – Қостанай атауына ие.
"Ату қабырғасы" 1918-1919 жылғы көтеріліске шығып, атылып кеткен шаруалардың құрметіне қойылған.. Қызыл әскерлерді, партиялықтар мен кеңес жұмысшыларын атқан орын Қостанай қаласының ең көне аумақтарының бірі, 1915 жылы құрылған облыстық тарихи-өлкетану музейінде орналасқан. Музейде 10 зал бар, оның ішінде 131 мың экспонат құрылған, бұл жақтан ұлттық мәдениетке жататын кескіндеме, киім және зергерлік бұйымдар, мүсіндер және т.б. көруге болады.
Баймағамбетов көшесінде тұрғызылғанына 100 жылдан асып кеткен театр ғимараты бар. Ол төңкеріске, соғысқа, КСРО тарауына куә.
Марал ишан атындағы мешіт 1893 жылы тұрғызылған.
Саудагер Антон Лоренц сыра қайнату зауыты 1893 жылы ашылған, сәулет ескерткіштеріне жатады. Ғимарат бүгінгі күнге дейін мақсатына сай қолданылады.
Алғашқы төрт сыныптық ерлер училищесі 1907 жылы құрылған. Оқу орны ашылған соң әйелдер гимназиясы болып өзгерді, кейін ғылыми институт, медучилище, сурет мектебі болды.
Сағат мұнарасы 1980 жылдары салынған. Ғимарат сәулет ескерткіші болмаса да, ол қаланың басты ғимараттарының бірі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |