«Фант» ойынының ережесі «Фант» ойынының негізгі екі нұсқасы бар.
1)Жүргізушімен. 2) Қағазбен. Бірінші нұсқаныңережелері мынадай. Жүргізуші ойынға қатысушылардың «фанттарын» жинап алады да, оны қапқа немесе басқа бір ыдысқа салады. Содан кейін ол теріс қарап тұрады, ал ойынға қатысушылардың бірі қаптан бір «фантты» шығарып алып, «мына фантқа қандай тапсырма берейік?» деп сұрайды. Жүргізуші оған тапсырма ойлап табады, ал «фанты» шыққан ойыншы сол тапсырманы орындауы тиіс. Ойыншы тапсырманы сәтті орындап шықса, кепіл затын қайтарып алады. Содан кейін кезек келесі «фантқа» келеді. Жүргізушінің өзі де «фант» өткізуді ұмытпағаны дұрыс. Осылайша, қатысушыларға қиын тапсырма бермес бұрын, өз басын да бір ойлап алады. Өйткені, дәл сол тапсырма өзіне түсуі мүмкін ғой. Оның үстіне, жүргізуші кім болатынын да алдын ала ойластырған жөн. Қызықты да салмақты тапсырмалар ойлап табатын сол емес пе.