«Кім екеніңді тап» ойыны Ойын ережесі


Екінші нұсқада жүргізуші қажет емес



бет4/4
Дата29.03.2022
өлшемі21,99 Kb.
#137141
1   2   3   4
Байланысты:
Ұжымдық ойындар

Екінші нұсқада жүргізуші қажет емес. Ойыншылар алдын ала қағаздарға тапсырма жазып, ол қағаздарды қалпаққа, не қапқа салып қояды. Содан кейін барып ойыншылар кезекке тұрып, өзіне тапсырма суырады. Мұнда да «фанттар» кепіл заты ретінде жинап алынады.
Бұл – «фант» ойынының недәуір үйреншікті ережелері. Алайда, әр компания оларды өзгертіп, қалауынша жаңасын қосуына болады. Мысалы, тапсырманы орындаудан бас тартқандарға кепіл затынан айырудан басқа кез келген жаза түрін тағайындауына болады.
«Фант» ойыны кез келген басқа ойынның жалғасына айналуы да мүмкін. Мысалы, қандай да бір ойыннан шығып қалсаңыз – «фант» беріңіз. Сол ойын аяқталғанға дейін фанттар жиналып болады да, жеңімпаз әлдеқандай артықшылыққа (мысалы, тапсырманы орындаудан бас тарту) ие болады.
«Фант» ойынындағы бастысы –тапсырмалар. Сондықтан да, ойыншылар қандай тапсырманы орындайтынын, ал қандайын орындамайтынын алдын-ала ақылдасып, келісіп алғаны жөн. Сонымен қатар, тапсырмалардың өзі де жиналған жұрттың бір-біріне деген көзқарасына, ортақ қызығушылықтарына байланысты болады. Ал басқа жағынан мұнда ешқандай шектеу жоқ. Кез келген тапсырма беруге болады: бастысы - ойыншылар аман қалып, ешкім ешкімге зиян келтірмеуі.
«Фант» ойыны көп жылдан бері ойналып келе жатқанына қарамастан, ескірген жоқ. Оның танымалдығына дәлел - осындай ережелері бар онлайн-ойын жасалуы. Сан ұрпақ ауысса да, ойынның шытырман табиғаты өзгерген жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет