Алматы қорығында 3600 ағаш өсіп тұр. Оның 900-ы қарағай, қалғандары қайың. Алматы қорығында неше қайың өсіп тұр?
( Ж: 2700 қайың)
360-ты 190-ға кеміт.
Қандай сан 500-ден 5 есе артық?
40 санының бестен бір бөлігі неше?
300-ді 3 есе арттыр.
4ц 32 кг –да неше килограмм бар?
Азайғыш – 390, азайтқыш – 140, айырманың мәні неше?
900 жыл неше ғасырға тең?
2400 санын 8 есе кеміт.
4900 санын 7 есе кеміт.
Бөлінгіш 56, бөліндінің мәні 6-ға тең. Бөлгішті тап.
Дәптер 25 теңге тұрады. 250 теңгеге неше дәптер сатып алуға болады?
65-ті 100 есе арттыр.
540 минут неше сағатқа тең?
20 минутта неше секунд бар?
770 пен 70 сандарының бөліндісін тап.
3-тен 60 неше есе артық?
620 мен 30 сандарының айырмасы нешеге тең?
190-нан 40 қанша кем?
Дінмұхаммед 48 марканы альбомның әр бетіне 8 маркадан жапсырды. Дінмұхаммед альбомның неше бетіне марка жапсырды?
Азайғыш – 850, азайтқыш – 220, айырманың мәні неше?
Қосылғыш 360, қосынды 600. Екінші қосылғыш қанша?
2100-ді 7 есе кеміт.
700-ді 4 есе арттыр.
6400 санын 8 есе кеміт.
5 ц 4 кг –да неше килограмм бар?
10 жүздіктен 3 ондықты азайт.
1сағ 30 минутта неше минут бар?
29799-дан 1-ге артық санды тап.
205 498 санын жазу үшін неше цифр қажет?
9000г неше килограмм бар?
6400-ді 3000-ға арттыр.
Қандай сан 800-ден 4-ке артық?
80-нен 720 неше есе артық?
320-дан 80 неше есе кем?
Сынып бөлмесінің ұзындығы 9 м, ені 5м. Сынып бөлмесінің ауданын тап.
Спорт алаңының ұзындығы 30 м, ені 15м. Спорт алаңының ауданын тап.
350-ден 60-ты азайт.
Қандай сан 265-тен 25-ке кем?
892 санын 1000 есе арттыр.
7000 санының көршілерін тап.
20 000 санының көршілерін тап.
110 мен 140 сандарының қосындысын 3 есе артттыр.
7 км 20 м-де неше метр бар?
234 және 3 сандарының көбейтіндісін тап.
Азайғыш – 3000, айырманың мәні – 1500,
азайтқышты тап?
7200-ны 8 есе кеміт
345-ті 5-ке арттыр
212-ні 2 есе арттыр
700-ді 700-ге кеміт
13 кг-да неше грамм бар?
3 сағ 15 минутта неше минут бар?
65 см –де неше миллиметр бар?
9 жүздік шығу үшін 300-ге қандай санды қосу керек?
40 ц бұл неше килограмм?
Каусар раушан гүлдердің 270 гүл шоғы және қызғалдақ гүлдерінің 180 гүл шоғын әкелді. Қызғалдақ гүлдеріне қарағанда раушан гүл шоқтарын қанша артық әкелді?
Жүнісбек 20 км/ сағ жылдамдықпен сырғанады. 4 сағатта ол қандай қашықтықты сырғанап өтті?
8000г неше килограмға тең?
998-ден 9-ды азайт.
2000-ды 4 есе арттыр.
6 дм 6 см неше сантиметрге тең?
Қарақат 3 сағатта 60 км сырғанап өтті. Ол қандай жылдамдықпен сырғанады?
145 шығу үшін қандай санды 100-ге бөлу керек?
64 шығу үшін қандай сандарды көбейту керек?
720 шығу үшін қандай сандарды көбейту керек?
Қабырғалары 1 дм шаршының ауданы нешеге тең?
Қабырғалары 5 дм шаршының ауданы нешеге тең?
100-ді 10 есе арттыр.
5 сағ 25 минутта неше минут бар?
70 саны 2-ден неше есе артық?
Тік төртбұрыштың ұзындығы 9 см, ал ені 3 см. Ауданы нешеге тең?
Тік төртбұрыштың ұзындығы 8 см, ал ені 4 см. Ауданы нешеге тең?
Тік төртбұрыштың ұзындығы 12см, ал ені 10 см. Периметрі неше сантиметр?
Тік төртбұрыштың ұзындығы 17 см, ал ені 9 см. Периметрі неше сантиметр?
Тік төртбұрыштың ұзындығы 14см, ал ені одан 2 см қысқа . Периметрі неше сантиметр?
Тік төртбұрыштың ұзындығы 22см, ал ені одан 2 см есе қысқа. Периметрі неше сантиметр?
900 санының үштен бір бөлігін тап.
Тік төртбұрыштың ені 8 см, ал ұзындығы одан 2 см ұзын. Периметрі неше сантиметр?
Тік төртбұрыштың ені 15 см, ал ұзындығы одан 2 есе ұзын. Периметрі неше сантиметр?
Тік төртбұрыштың ені 13 см, ал ұзындығы одан 3 есе ұзын. Периметрі неше сантиметр?
Тік төртбұрыштың ұзындығы 16 см, ал ені одан 4 см қысқа . Периметрі неше сантиметр?
Тік төртбұрыштың ұзындығы 19 см, ал ені одан 7 см қысқа . Периметрі неше сантиметр?
Тік төртбұрыштың ұзындығы 15см, ал ені одан 5 см қысқа . Ауданы нешеге тең ?
Тік төртбұрыштың ұзындығы 20 см, ал ені одан 8 см қысқа . Ауданы нешеге тең ?