Кім тапқыр, кім жылдам? (Сұрақ-жауап)


Жеке – дара сараланған тапсырмалар



бет16/37
Дата07.02.2022
өлшемі374,5 Kb.
#85278
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
0004bc30-9f72efee

Жеке – дара сараланған тапсырмалар



  • Шаршының қабырғасы 64см². Оның қабырғасының ұзындығын тап?




  • Егер жинаған барлық жидекті әр шелекке 10 кг-нан бөліп салса, 7 шелек қажет болады. Неше килограмм жидек жиналған?




  • Математикалық олимпиадаға 160 оқушы қатысты. Олар тең бөлініп, 8 кабинетке отырды. Сонда бір кабинетте неше оқушыдан отырған?




  • Автомат минутына 200 банка жабады. Осындай өнімділікпен автомат 4 минутта неше банка жабады?




  • Тоқаш сататын дүкенде түске дейін 250 тоқаш, ал түстен кейін 450 тоқаш сатылды. Бір күнде барлығы неше тоқаш сатылды?




  • Жүк тиелген 50 вагоннан көкөніс және одан 2 есе артық вагоннан жеміс түсірілді. Неше вагоннан жеміс түсірілді?




  • Екі қалтаның әрқайсысында 62 жаңғақтан бар. Бірінші қалтадан 19 жаңғақ, ал екіншісінен біріншісінде қанша қалса, сонша жаңғақ алынды. Екі қалтада қанша жаңғақ қалды?




  • Қандай сан 500-ден 2 есе кем?

Жеке – дара сараланған тапсырмалар



  • Велосипедші 2 сағатта 80 км жүріп өтті. Велосипедшінің жылдамдығы қандай?




  • Түске дейін 22 кг жәшік алма, ал түстен кейін одан 5 есе артық алма сатылды. Түстен кейін қанша килограмм алма сатылды?




  • Сыныпта 24 оқушы бар. Оқушылардың алтыдан бір бөлігі «5»-ке оқиды. Неше оқушы беске оқиды?




  • Саз мектебінде 36 оқушы дәріс алады. Олардың төрттен бірі қобыз тобында оқиды. Қобыз тобында неше оқушы дәріс алады?




  • Бірдей төрт дәптерде 48 парақ бар. Осындай үш дәптерде неше парақ бар?




  • Балалар алаңшасының ұзындығы 50 м, ал ені 30 м. Осы алаңшаның қоршауының ұзындығы қандай болуы керек?




  • 80 кітаптың төрттен бір бөлігінің мұқабасы бар, қалғандары мұқабасыз. Мұқабасыз кітап нешеу?




  • Балабақшада 50 бала бар. Күн сайын әр балаға таңертеңгі аста 25 г май береді. Таңертеңгі аста қанша май жұмсалады?

  • Тоғайдан ақ, қызғылт сары және қоңыр түрлерінен 38 саңырауқұлақ әкелінді. Қоңыр саңырауқұлақ ақ түрінен 4 есе артық, ал қызғылт сары мен қоңыр түрлерін бірге алғанда 34 саңырауқұлақ болды. Саңырауқұлақтың әр түрінен нешеу әкелінді?




  • Теміржол вагонына тиелген көмірдің массасы 60 т. Оның оннан үш бөлігін жүкті өзі түсіретін машинаға тиеуге болады. Осындай 6 вагонды жүктен босату үшін жүкті өзі түсіретін машина неше рейс жасауы тиіс?




  • Өткен жылы бірдей 15 жылыжайдан 450 т қияр жиналды. Егер биыл әр жылыжайдан жиналған өнім былтырғыға қарағанда 5 ц артық болса, қанша қияр жиналды?




  • Теплоход екі күнде 375 км жүзіп өтті. Ол бірінші күні жолда 8 сағ, ал екінші күні 7 сағат болды. Егер ол бірдей жылдамдықпен қозғалса, әр күні қандай қашықтықты жүзіп өтті?




  • Шаршының периметрі 24 см. Оның ауданын тап.




  • Екі ұшақ бірдей жылдамдықпен ұшты. Олардың біреуі ауада 4 сағ, ал екіншісі 6 сағ болды және біріншісіне қарағанда 1600 км артық ұшты. Әр ұшақ неше километр ұшты?


  • Бір бақшада 12 алма және 7 алмұрт ағашы өсіп тұр. Екінші бақшада – 50 ағаш бар, олардың 14-і алмұрт, ал қалғандары алма ағаштары. Екі бақшадағы алма ағаштары нешеу? Екі бақшадағы алмұрт ағаштары нешеу? Ағаштардың қайсысы артық және қанша артық?




  • 6 м мата үшін 3600тг төленді. Осындай 9 м мата үшін қанша ақша төлеу керек?




  • Бір дүкенде 852 кг, ал екіншісінде одан 2 есе кем қарақұмық жармасы болды. Барлық жарманың үштен бір бөлігі 2 кг-нан қалталарға салынды. Қарақұмық жармасы неше қалтаға салынды?




  • Ұлжан 4 сағатта 60 км жүріп өтті. Егер Ұлжан жылдамдығын 3 км/сағ арттыратын болса, осы қашықтықты қанша уақытта жүріп өтер еді?




  • Арыстанның тіршілік ету ұзақтығы 35 жыл, бұл аюдың тіршілік ету ұзақтығының оннан жеті бөлігіндей. Арыстанға қарағанда аю неше жыл ұзақ өмір сүреді?




  • Жүгіруге арналған дөңгелек жолдың ұзындығы 400 м. Нұрбек 6 мин 40 с уақытта 4 айналым, ал Ғани – 5 айналым жасады. Ғанидың жылдамдығы Нұрбектің жылдамдығынан секундына неше метр артық?

  • Бір альбомда 350 марка бар, бұл екінші альбомдағыдан 100 марка артық. Осы альбомдарда барлығы неше марка бар?




  • Теплоход пен катер бір мезгілде айлақтан бірінен-бірі қарама – қарсы бағытта шықты. Теплоходтың орташа жылдамдығы 550 км, ал катердің орташа жылдамдығы одан 200км/сағ кем. 3 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болады?




  • Тік төртбұрыш тәріздес жер үлескісінің ұзындығы 25 м, ал ені 24 м. Осы үлескінің оннан бір бөлігіне көкөніс, ал қалған ауданға жеміс ағаштары отырғызылған. Жеміс ағаштары қандай ауданды алып жатыр?




  • Тиіннің тіршілік ету ұзақтығы 6 жыл, бұл қоянның тіршілік ету ұзақтығының бестен үш бөлігіндей. Қоян неше жыл тіршілік етеді?




  • Қайық тұрағындағы 168 қайықты сырлау керек. Бір шебер жұмысты 28 күнде, ал екіншісі 21 күнде орындай алады. Олар осы жұмысты бірге орындаса, неше күнде орындай алады?




  • Төртбұрыштың бір қабырғасы 48 см, ал екіншісі біріншісіне қарағанда 14 см артық, ал ал үшінші қабырғасы алғашқы екі қабырғасының қосындысынан 2 есе кем. Егер төртбұрыштың периметрі 200 болса, төртінші қабырғасы қандай?

  • Мектеп жанындағы бақшадан 84ц алма жиналды, бұл алмұрттарға қарағанда 2 есе артық. Барлық жемістің үштен бір бөлігі 14 кг-нан жәшіктерге салынды. Сонда неше жәшік қажет болды?




  • Екі тәжірибе үлескісінің аудандары бірдей. Бірінші үлескінің ені 60 м, ал екіншісінің ені – 80 м, Егер екінші үлескінің ұзындығы 150м болса, бірінші үлескінің ұзындығы қандай ?




  • Алғашқы 14 жұмыс күні ішінде зауыт 560 кір жуатын машина жасады, ал содан кейін күніне 5 машина артық жасайтын болды. 20 күнде зауыт неше машина жасап шығарды?




  • Бір дүкенге бірдей 18 бидон, ал екіншісіне осындай 12бидон сүт әкелінді. Бірінші дүкенге екіншісіне қарағанда 228л сүт артық әкелінді. Әр дүкенге неше литр сүт әкелінді?




  • Шешей қыста жеуге 12 л құлпынай тосабын жасады. Құлпынай тосабына қарағанда 4л кем таңқурай тосабын, ал құлпынай тосабы мен таңқурай тосабын бірге алғандағыға қарағанда 2 есе артық алма тосабын жасады. Шешей барлығы неше литр тосап жасады?




  • Есіктің ені 9дм, ал биіктігі одан 13 дм артық. Осындай төрт есіктің ауданы неге тең?




  • Әр қорапта 24 кәмпит бар. Бірінші үстелге 3 қорап, екіншісіне 4 қорап кәмпит қойылды. Екінші үстелге біріншідегіге қарағанда неше кәмпит артық?




  • Қоймада кеудешелер, күртелер және шалбарлар, барлығы 660 дана зат жатыр. Барлық заттың жартысын кеудешелер, ал төрттен бірін күртелер құрайды. Күртелерге қарағанда кеудешелер қанша артық болды?




  • Террасаның ұзындығы 6м, ал ені 4м 20см. Оның еденін жөндеу үшін ұзындығы 6м және ені 30см тақтайлар сатып алынды. Бүкіл еденді ауыстыру үшін неше тақтай қажет болды?




  • Ұзындығы 8м, ал ені ұзындығынан 2 м кем бөлменің еденін сырлау керек. Егер 1м² еденге 150г бояу жұмсалатын болса, қанша бояу қажет болады?




  • Сүт фермасындағы 60 сиырдың әрқайсысынан жылына 5420 кг сүт сауылады. Осы барлық сүттің бестен бір бөлігінен май өндіріледі. Май неше килограмм майдан өндіріледі?




  • Арасы 350 км екі айлақтан сағат 11-де бір-біріне қарама-қарсы екі теплоход шықты. Біріншісінің орташа жылдамдығы – 32км/сағ, ал екіншісінің орташа жылдамдығы – 38км/сағ. Теплоходтар қай уақытта кездеседі?

  • Жұмысшылардың бір бригадасы 15км тас жолды 30 күнде, ал екіншісі – 60 күнде төсеп бітіреді. Бірге жұмыс жасаса, екі бригада осы жолды неше күнде бітіреді?




  • Егін жинау кезінде 150 адам жұмыс істеді. Олардан 47 адам егін алқабында, 58-і қырманда, ал қалғаны бақшада жұмыс істеді. Неше адам бақшада жұмыс істеді?




  • Туристер байдаркаға отырып, өзен бойымен межелі жолдың жартысын және тағы 9 км жүзді. Қалған жолды байдаркамен олар 6км/сағ жылдамдықпен 3 сағат жүзіп өте алады. Барлық жолды анықта.




  • Қоймаға 4560 кг ұн әрқайсысы 80кг-дық қаптармен және 3840 кг жарма әрқайсысы 60кг-дық қаптармен жеткізілді. Ұн салынған қаптарға қарағанда жарма салынған неше қап артық жеткізілді?




  • Туристер 28 км жүріп өтті, бұл бүкіл маршруттың 5/1 бөлігін құрайды. Олар әлі неше километр жүрулері тиіс.




  • 4500 кітап түптелуі тиіс. Бір шеберхана осы кітаптарды 30 күнде, ал екіншісі 45 күнде түптеп бітіреді. Осы екі шеберхана бір мезгілде жұмыс істесе, тапсырысты неше күнде орындай алады?

  • Ұшқыш бірінші күні 2000км, екінші күні одан 800 км артық, ал үшінші күні екіншісіндегіге қарағанда 200км артық ұшты. Ұшқыш үш күнде неше километр ұшты?




  • 7 күнде завод 588 станок жасады. 24 күнде зауыт неше станок жасайды?




  • Фестивальға бір топ жастар кетті. Олардың ішінде 175 бозбала болды, ал қалғандары бойжеткен қыздар. Олар 36 адамнан 10 вагонға жайғасты. Фестивальға неше бойжеткен қыз кетті?




  • Тік төртбұрыш тәріздес кілемнің ұзындығы 3м, ал ені ұзындығының үштен екі бөлігіндей. Осы кілемді көмкеру үшін ұзындығы қандай жиек жіп алу керек?




  • Серуендеуге бет алған туристер екі күнде бірдей жылдамдықпен 44 км жол жүрді. Бірінші күні олар жолда 6 - сағ, ал екінші күні – 5 сағ болды. Әр күнде туристер қандай қашықтықты жүріп өтті?




  • Төрт жәшікте барлығы 86кг алма бар. Алғашқы екі жәшікте бірдей, үшіншісінде – 20кг, ал төртіншісінде – 18кг. Бірінші жәшікте неше килограмм алма барын анықта.


  • Құрылысқа 120т цемент, одан 2 есе артық құм, цементке қарағанда 4 есе артық қиыршық тастар жеткізілді. Бетон дайындау үшін барлық осы материалдардың үштен бірі жұмсалды. Неше тонна материал қалды?




  • Теплоход 2 күнде 15 сағат жолда болды. Бірінші күні ол 200 км, ал екінші күні 175 км жүзді. Теплоход бірдей жылдамдықпен жүзсе, әр күні неше сағат жолда болды?




  • Бірдей терезе перделерін тігу үшін екі мата сатып алынды. Бірінші орам 27м, ал екіншісінде 36 м мата болды. Екінші орамдағы матадан біріншідегіге қарағанда перде артық тігілді. Әр орам матадан неше перде тігілді?




  • Бір күнде фабрика 1240 м шыт, шытқа қарағанда 4 есе кем тоқыма мата, тоқыма матаға қарағанда 490 м артық шибарқыт, тоқыма мата мен шибарқыт қанша болса, сонша жібек мата жасап шығарды. Фабрика бір күнде қанша мата жасап шығарды?




  • Тік төртбұрыш тәріздес гүлзардың ұзындығы - 20 м, ал ені – 15 м. Оның ауданы бақша ауданының оннан бір бөлігін құрайды. Бақшаның ауданын тап.




  • Аэродромнан сағат 11-де бір мезгілде бірінен – бірі қарама – қарсы бағытта екі ұшақ ұшып шықты. Сағат 14-те олардың бір-бірінен арақашықтығы 3540 км болды. Олардың біреуі 620 км/сағ жылдамдықпен ұшты. Екінші ұшақ қандай жылдамдықпен ұшты?




  • Бірдей екі насос хауыздағы суды сорып шығарды. Біріншісі 12 минут, екіншісі 18 минут жұмыс істеді және ол біріншіге қарағанда 4320 л су суды артық сорып шығарды. Әр насос неше литр су сорып шығарды?




  • Ұлжан кітап оқыды. Үш күн бойы ол 30 беттен, содан кейін тағы 40 бет оқыды. Егер кітапта барлығы 200 бет болса, Ұлжан әлі неше бет оқуы керек?


  • Бір кітапта 35 бет, ал екіншісінде 49 бет бар. Егер күн сайын 12 беттен оқыса, осы екі кітапты неше күнде оқып шығуға болады?




  • Тік төртбұрыштың периметрі 18 см, ұзындығы 6 см. Тік төртбұрыштың енін тап?




  • Тікұшақ 2 сағатта 430 км ұшты. Егер тікұшақтың жылдамдығынан ұшақтың жылдамдығы 3 есе артық болса, ұшақ 5 сағатта неше километр ұшады?




  • Тігінші әр 10 м шыттан 3 көйлек тігеді. Ол 50 м шыттан осындай неше көйлек тіге алады?




  • Қалашықта 800 үй бар, олардың 287-сі тас үйлер, ал қалғандары ағаш үйлер. Жазда ағаш үйлердің тоғыздан бес бөлігі жөнделді. Неше ағаш үй жөнделді?




  • Кітаптар көрмесіне бірінші күні 3690 адам, екінші күні одан 410 адам кем, ал үшінші күні екіншідегіге қарағанда 330 адам артық келді. Үш күнде көрмеге неше адам келді?




  • Ересектер үшін 54 м матадан 18 пальто тігілді. Егер балалардың әр пальтосына ересектердікіне қарағанда 1 м кем мата қажет болса, осындай 72 м матадан балалардың неше пальтосын тігуге болады?




  • Тігін шеберханасында 240 м мата шыт болды. Әрқайсысына 3 м шыт жұмсап, бірнеше көйлек тігілді, сонда шеберханада 90 м шыт қалды. Неше көйлек тігілді?




  • Туристердің екі отряды бір мезгілден екі ауылдан біріне – бірі қарама - қарсы шықты. Туристердің бір отряды 4 км/сағ, ал екінші отрядтың туристері 3 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 2 сағаттан кейін екеуі кездесті. Ауылдардың арақашықтығын тап.




  • Туристер үш күнде 360 км жүрді. Олар бірінші күні барлық жолдың бестен бір бөлігін, ал екінші күні сегізден үш бөлігін жүрді. Үшінші күні туристер неше километр жүрді?




  • Бір жүйектен 4 қап, ал екіншісінен сондай 6 қап картоп жиналды. Барлық жиналған картоптың массасы 480 кг. Әр жүйектен жиналған картоптың массасын жеке-жеке тап.




  • Пойыз жолда 3 сағ болды және 230 км жүрді. Ол бір сағатта 78 км 500 м, ал екінші сағатта біріншідегіге қарағанда 6 км кем жүрді. Үшінші сағатта пойыз қанша жол жүрді?




  • Шеберханада 5 күнде 2000 мектеп формасы тігілді. Егер күніне 50 форма артық тігетін болса, шеберхана күнде неше форма тігеді?




  • Қапта 45 кг сәбіз болды. Үш күн бойы қаптан бірдей сәбіз алғаннан кейін, онда 33 кг қалды. Қаптан әр күні неше килограмм сәбіз алынды?




  • 3 минутта ұшақ 30 км ұшты. Егер ол жылдамдығын 5 км/сағ арттыратын болса, 40 минутта қандай қашықтықты ұшып өтеді?




  • Қарақат 3 қарындаш пен 280 теңге тұратын кітап үшін 400 теңге төледі. Қарындаш неше теңге тұрады?




  • Бірдей 6 жәшікте 48 кг жүзім болды. 40 кг жүзім үшін осындай неше жәшік керек?




  • Қоймадан дүкенге 800 кг кәмпит жөнелткенде қоймада жөнелтілгенннен 4 есе артық кәмпит қалды. Неше тонна кәмпит болған?




  • Машина алдымен 160 км, содан кейін осы қашықтықтың жартысындай жол жүрді. Сонда әлгі жүргенінен 2 есе кем жүруге тиіс жол қалды. Егер машинаның орташа жылдамдығы 60 км/сағ болса, барлық жолды машина неше сағатта жүріп өтті?




  • Күзде оқушылар жаңа саябаққа әр қатарға 54 ағаштан 30 қатарға ағаш көшетін отырғызды. Оның үштен бірі емен, ал қалғандары жөке. Оқушылар неше жөке ағашын отырғызды?




  • Бір омартада 85 ара ұясы, ал екіншісінде 55 ара ұясы бар. Бірінші омартадан екіншідегіге қарағанда 1620 кг бал артық. Екі омартадан барлығы неше килограмм бал алды?




  • Ұзындығы 6 м сымнан әрқайсысы 90 см болатын 5 бөлік кесіп алынды. Қанша сым қалды?




  • Колхозда 4 күнде 80ц сүрлем жұмсалды. Осындай мөлшерде жұмсалса, 420ц сүрлем неше күнге жетеді?

3м 41 см + 59 см =
780дм +2600мм=
95дм 50 см – 48 дм 1 см=
4 сағ 19 мин + 9 сағ 45 мин=
57мин 34 с + 31 мин 26 с=
4 т 2 ц + 20 т 220 кг =
4 кг 523 г + 3 кг 162 г =
818 г + 4 кг 450 г =
45 сағ 40 мин + 3 сағ 26мин =
3 кг 130 г + 3 кг 187 г =
13 жыл 4 ай – 3 жыл 7 ай =
10 ц + 3 т =
57 кг 780 г + 5 кг 370 г =
17 сағ 23 мин + 6 сағ 27 мин =
43 ц 82 кг + 3 т 130 кг =
5 м 9 см – 406 см =
815 сағ – 10 тәул =
3 м 205 мм +45 дм 25 см =
5 тәул 9 сағ + 75 сағ =
6109 см – 23 дм 85 см =
4 км 184 м + 2675 м =
109 см 6 мм – 4 м 86 мм =
5 тәул 22 сағ + 52 сағ =
6123мм – 2 м 3 дм =
4510кг + 23 ц =
31 м 46 см – 245 дм =
2 кг 273 г + 4 кг 905 г =
39 сағ 33 мин – 2 сағ 180 с =
517 т – 267 т =
5 сағ 27 мин – 247 мин =
4 ц 64 г + 234 500 г =
6 м 48 мм + 467 см =
76 сағ – 2 тәул =
2 сағ 50 мин + 360 с=
7 дм 13 мм – 62 см =
870 с + 1 сағ 3 мин =
37 см 7 мм – 4 дм 13 мм =
127 ц + 8345 кг =
420 кг – 2 ц 10 кг =
28дм 8 см – 1 м 85 мм =
70 см 8 мм – 3 дм 45 мм =
46 кг 3 г – 60 ц 53 г =
6 сағ 44 мин – 340 мин =
470 кг – 2 ц 55 кг =
8 м 81 см – 74 дм 10 мм =
17 сағ 8 мин – 367 мин =
177 ц – 700 кг =
2 сағ 50 мин + 360 с =
5 сағ – 125 мин =
305 кг + 2 ц 7 кг =
60 сағ – 1 тәул 20 сағ =
7 сағ 22 мин – 425 мин =
8 м 6 дм + 360 см =
5 кг 470 г + 5600 г =
4 м 296 м – 600 см =
870 с + 1 сағ 3 мин =
37 см 7 мм – 4 дм 13 мм=
127 ц + 8345 кг=
420 кг – 2 ц 10 кг =
28 дм 8 см – 1 м 485 мм=
70 см 8 мм – 3 дм 45 мм=
406 кг 3 г – 6 кг 3 г =
3 т 3 ц + 98 ц =
3 сағ 17 с + 58 сағ=
201 ц + 6146 кг =
40 жыл – 28 жыл =
4 т 95 кг + 4 ц 53 кг =
8 м 6 дм + 360 см =
24 сағ 7 мин 1 с – 3670 с =
4 сағ 39 мин + 240 мин =
4 т 7 ц 6 кг + 37 ц 23 кг=
573 см – 34 дм =
50 т 7 кг – 64 ц 57 кг =
6 сағ 44 мин + 340 мин =
470 кг – 2 ц 55 кг =
8 м 81 см – 4 дм 10 мм =
2 тәул + 24 сағ =
5 0 сағ + 24 сағ=
7 т 1 кг – 45 ц 78 кг =
7 сағ 25 мин + 325 мин =
84 м + 67 дм =
67 кг 80 г + 20 ц =
59 см – 346 мм =
345 т + 420 ц =
4 м 77 мм + 325 мм =
420 с + 2 мин =
35 см 5 мм + 3 дм 28см=
6 сағ 26 мин + 65 мин =
299 ц + 120 кг =
5 км 240 м + 2575 м =
1 тәул + 48 сағ =
6 сағ – 225 мин =
8 т 2 кг – 45 ц 70 кг =
7 сағ 20 мин + 550 мин =
84 м + 65 дм =
79 см – 345 мм =


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет