Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.
Министрліктің негізгі міндеті
мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;
бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету;
реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;