Мұрат Кәрібайұлы Бектанов (18 қыркүйек 1965, Соколовка ауылы, Соколов ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант (2020). Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – 2020 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы (2016-2019).
ҚР қорғаныс министрлігі
ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құрылды.ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 тамыздағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес министрлік қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы ҚР Қарулы Күштеріне басшылықты жүзеге асырған орталық атқарушы орган болып табылды. Бас штаб ҚР Қарулы Күштерін жедел-стратегиялық басқаруды жүзеге асыратын министрліктің құрылымындағы әскери басқару органы болып табылды. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: мемлекеттің әскери саясаты мен ҚР әскери доктринасының мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; ҚР әскери бюджетінің жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ҚР әскери-техникалық және әскери-экономикалық саясатын жүргізуде Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын, әскери доктринасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; әскери-саяси жағдайға баға беруге, ҚР қауіпсіздігіне төнетін ықтимал қатердің сипаты мен дәрежесін айқындауға қатысу; Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттің егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғауға Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын үнемі қолдау мен қамтамасыз ету, қарулы шабуылды болдырмау және ҚР-на қарсы агрессияға қарулы тойтарыс беру үшін қажетті жағдайлар жасау; Қарулы Күштер туралы ҚР Конституциясының нормалары мен ҚР нормативтік-құқықтық кесімдерін іске асыруды қамтамасыз ету; Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің және арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін айқындау, оларды ҚР басқа әскерлерімен және әскери құралымдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдану; ҚР Президентінің шешімімен Қарулы Күштерге адам, көлік және материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыруды жүргізу; Қарулы Күштерде идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; экономиканы жұмылдыру даярлығын ұйымдастыру және ұйымдардың белгіленген жұмылдыру тапсырмасын орындау даярлығын бақылауға қатысу; ғылыми-техникалық және арнаулы зерттеулер мен Қарулы Күштердің мұқтажы үшін әскери кадрларды даярлауды дамыту бағыттарын айқындау; әскери іс-әрекетті жүргізуге байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; Қарулы Күштердің қару-жараққа, әскери-техника мен басқа да материалдық жабдықтарға сұранымын, олармен Қарулы Күштерді жұмылдыра өрістетудің жоспарын қамтамасыз ету, қару-жарақтың, әскери техника мен басқа да материалдық жабдықтардың жедел және стратегиялық қорларын жинақтау мен орналастыруды айқындау; әскери қызметшілердің, азаматтық қызметкерлердің қауіпсіздігі мен өмірін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.