еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыру;
жұмыссыздық деңгейін азайту және кедейлік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
әлеуметтік әріптестік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
жинақтаушы зейнетақы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
еңбек, еңбек қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекетгік бақылауды қамтамасыз ету;
заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру
ҚР сыртқы істер министрі
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді(30 маусым 1968; Ақсукент ауылы, Түркістан облысы) — мемлекеттік қайрайткер, ҚР сыртқы істер министрі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі — Қазақстан Республикасы үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республиксының орталық атқарушы органы, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметін атқарады және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің органдарының ортақ жүйесін басқарады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің міндеттері:
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру;
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін шет елде қорғау;
Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру;
Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, басқа мемлекеттермен және халықаралық аренадағы қарым-қатынастарында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру;
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай саяси сыртқы және экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіру;
әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметіне талдау жасау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.