Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес атқарушы биліктің (Үкімет) басшысы. Атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. ПМ өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.