Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі — ақпарат салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.Реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, бірыңғай ақпараттық кеңістікті және байланыс инфрақұрылымын дамыту мен тұрақты жұмыс істеуін әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бұл министрліктің басты мақсаты болып табылады.
Ақпараттандыру, ақпарат, байланыс, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.
Пошта және байланыс саласында мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті және байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды қолданатын тұлғалардың қызметін реттеу.
Телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.
Ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру.
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.