- Берік Мәжитұлы Имашев (7 маусым, 1960, Алматы) — Қазақстан Республикасы Әділет министрі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есептеу, сақтау, бағалау және одан әрі қолдану бойынша атқарушы құжаттарды орындау және жұмыстарды ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.
- Министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мыналар жатқызылды: есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру және жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |