«Кімнің мекені жақсы?»



Дата08.01.2017
өлшемі333,98 Kb.
#6462
Южно – Казахстанская область

Мактаральский район

кент. Асыката

«Школа – гимназия «Женис»

коммунальное государственное учреждение

Пакизеева Асия Сапаровна

Учитель начального класса

3 класс

Математика

Тема: «Кімнің мекені жақсы?»

Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың мақсаты
1. Оқушыларға әңгіменің негізгі идеясы, туған жерді сүю, қадірлеу екенін түсіндіре отырып ұғындыру.
2. Жаңа сөздер мен мақал - мәтелдердің мағынасын ашу арқылы сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Өз Отанына деген сүйіспеншілікке және оны қорғау әр адамның парызы екенін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, Сәкен Жүнісов,жәндіктердің суреттері ,үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:1 Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісім – тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.
2. Топқа бөлу. Оқушыларды топқа әр түсті текшелер арқылы бөлу. Текше түстес көрсеткіші бар партаға отыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Менің туған жерім»эссе жазу.

Мәтінді оқып келу

3топқа топтастыру

1-топ «Атамекен» 2топ «Жерұйық» 3топ «Алтын бесік»

«Алтын ережелер» танысу

ІІІ. Қызығушылығын ояту

Сакен Жүнісов кім?



Ол 1934 жылы Көкшетау облысы,Қызылтау ауданында ,Кішкенекөл ауылында туған.«Алғашқы вагон»,.«Сақау бәтеңке», »,.«Шәркей»,шығармалары бар
«Сен маған, мен саған». (сұрақ – жауап, «Кубизм стратегиясы» бойынша)

1.Отан дегенді қалай түсінесің? (топтастыру арқылы.)



Атамекен ата-анаң Жерің елің досың Ауылың



Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Саған ғана емес, сенің әке - шешеңе де, бабаларыңа да осы мекен құтты мекен болған.
Өз сезімдерімен бөлісу

Жаңа сабақ
А) « Ой тастау» Жұмбақ шешу

Екі басы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай                     (құмырсқа)

Жыл басы қай жануар?            (тышқан)



-Құмырсқа,тышқан,құрбақа бүгінгі кейіпкерлеріміз болмақ

Оқулықпен жұмыс«Құмырсқа» тобына  1-ші бөлім

«Құрбақа» тобына  2-ші бөлім

«Тышқан» тобына  3-ші бөлімді оқыту
Түсінгендерін тексеру .Неге әркімге өз мекені жақсы?

Олай болса, балалар, өткен сабақта жақсы мекен, жайлы қоныс іздеген кейіпкерлеріміз нелер еді?(тышқан, құмырсқа, бақа)
- Осы кейіпкерлеріміз жайлы қоныс іздеп жүріп, біздің сыныпқа да соғып кетуді жөн көріпті. Сіздерге алып келген тапсырмалары да бар екен.
1. Қалай ойлайсыңдар, көкқұтанның мекені бізге ұнады ма?

2. Балалар, бізге бозторғайдың мекені ұнады ма?(құмырсқа)
3. Біз әрі қарай қандай оқиғаға тап болдық?(бақа

4.Әркім өз қонысына оралған соң қандай сезімде болды?

Сергіту сәті . Ойын «Тапқыштар »

Мақал -мәтелдің мағынасын ашу
Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.
● Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
Бақа көлінде патша,
● Балық суында патша

Жігіт елінде патша

Дәптермен жұмыс .

Жаңылтпаш

Шалшық ,балшық,

Балшық,шалшық,



Балшықтан ал шық.
Топтық жарыс. Бес жолды өлең жазу

1.не 2. қандай? 3 не істейді ? 4 сөйлем 5 синоним

Әңгіме –дебат 1-топ «Құмырсқа 2-топ «Құрбақа» 3-топ «Тышқан »

Сөзжұмбақ шешу.

1. Қалың ағаш өсетін нулы жер.

2. Отбасындағы әке атауы.

3. Ел сөзін басқаша қалай аталады?


«Мақал –мәтелді жалғастыр»ойыны
Ит – тойған жеріне,
Ер – туған жеріне.

Кісі елінде сұлтан болганша,


Өз елінде ұлтан бол.

Өз елім – өлең төсегім.

Мал конысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
Бағалау. Топтық жұмыста жеңген топ марапатталады .

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Мінекей, балалар, мынау – сендердің кішкентай жүректеріңнен шыққан тілектер. Осы жазған тілектерің орындалсын. Ол үшін біз жақсы білім алып,оқуымыз керек. Бүгінгі сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтайық .

Үйге: тапсырма:

76 – 77 бет ( мазмұндау) 5жол өлең жауынқұртқа құрау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет