(Ж:5 Дж) Массасы 500 г, 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған дененің ең жоғарғы биіктіктегі потенциалдық энергия өзгерісі (g=10 м/с2) (Ж:4 Дж)
Массасы 50 г, 30 м/с жылдамдықпен тік жоғары атылған жебенің 2 с өткеннен кейінгі потенциалдық энергиясы (g=10 м/с2) (Ж:20 Дж)
20 Н күштің әсерінен балалар пистолетінің серіппесін 3 см-ге жиырған кездегі потенциалдық энергиясы (Ж:0,3 Дж)
Массасы 6,6т, 7,8 м/с жылдамдықпен қозғалған «Союз» сериялы ғарышкеменің кинетикалық энергиясы (Ж:200 кДж)
Жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2 м/с -тен 8 м/с –қа артқан, массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің, осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысы (g = 10м/с2) (Ж:120 Дж)
Футбол добының массасы хоккей шайбасының массасынан 3 есе көп, жылдамдығы 3 есе кем, болса кинетикалық энергияларының қатынасы Wф /Wш (Ж:1/3)
Кинетикалық энергиясы 16 Дж, импульсі 8 кг м/с дененің жылдамдығы (Ж:4 м/с)
Ұзындығы 40 см, вертикальмен 600 жасай горизонталь жазықтықта шеңбер сызатын жіпке ілінген массасы 100 г шардың кинетикалық энергиясы (g = 10 м/с2, sin 600 = 0,8660) (Ж:0,3 Дж)
Өзі түсіргіш машинаның массасы жеңіл автомобилдікінен 18 есе артық, ал жылдамдығы 6 есе кем болса, кинетикалық энергияларының қатынасы Wт/Wж (Ж:1/2)
Жерден биіктігі 20м «американ тауының» ең жоғарғы нүктесінен алғашқы жылдамдықсыз науамен қозғалысын бастаған арбаның бірден төмен түскендегі, 2м биіктіктегі жылдамдығы (g=10м/с2) (Ж:≈19 м/с)
4 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 3 кг дененің кинетикалық энергиясы (Ж:24 Дж)
Дененің жылдамдығын екі есе азайтып, массасын 2 есе арттырғанда кинетикалық энергия (Ж:2 есе азаяды)
Бастапқы жылдамдығы нөлге тең, массасы 1 кг, 3 Н күштің әсерінен қозғалған дененің 2 с-тан кейінгі кинетикалық энергиясы (Ж:18 Дж)
Бастапқы жылдамдығы 8 м/с, массасы 2 кг денені тоқтату үшін атқарылатын жұмыс (Ж:64 Дж)
Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің графигі арқылы, массасы 20 т автобустың,
кедергі коэффициенті 0,05-ке тең болған жағдайда 20 с ішіндегі кинетикалық энергияның өзгерісі
(Ж:3 МДж) Массасы 2 т, үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең, авариялық тежелуде 50 м жүріп, барып тоқтаған автомобильдің үйкеліс күші жұмысы (Ж:-400 кДж)
Кинетикалық энергиясы 16 Дж, импульсі 8 кг·м/с дененің массасы (Ж:2 кг)
Массасы 400 г, 300 см биіктіктен құлап түскен дененің жерге ұрылғандағы кинетикалық энергиясы (g=10м/с2) (Ж:12 Дж)
4 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған массасы 0,5 кг дененің ең жоғарғы биіктікке көтерілгендегі кинетикалық энергиясының өзгерісі (g=10 м/с2) (Ж:-4 Дж)
Жылдамдығы 4 м/с, массасы 0,5 кг тік жоғары лақтырылған дененің ең жоғарғы биіктікке көтерілгендегі ауырлық күшінің жұмысы (g = 10 м/с2) (Ж:-4 Дж)
5 м биіктіктен, массасы 3 кг дененің Жер бетінен 2 м қашықтықтағы кинетикалық энергиясы (g=10 м/с2) (Ж:90 Дж)
5 м биіктіктен, массасы 3 кг дененің Жер бетінен 3 м қашықтықтағы кинетикалық энергиясы (g=10 м/с2) (Ж:60 Дж)
5 м биіктіктен, массасы 3 кг дененің Жер бетінен 1 м қашықтықтағы кинетикалық энергиясы (g =10 м/с2) (Ж:120 Дж)
20 м биіктіктен еркін түсетін массасы 20 кг дененің Жер бетінен 1 м қашықтықтағы потенциалдық және кинетикалық энергиялары (g = 10 м/с2)