Кіріктіретін оқу қызметі: Коммуникация, Денсаулық, Шығармашылық, Әлеуметтік орта,Таным. Мақсаты



бет2/2
Дата06.05.2020
өлшемі33,19 Kb.
#66220
1   2
Байланысты:
Қорытынды сабақ 2020г

Ойын: «Сандар шатасты»

Мақсаты: ретімен қою.

Балалар қызыға ойнайды.

-Балалар жарайсыңдар, менің тапсырмаларымды орындап болдыңдар. Сиқырлы сандықтың кілтінің бірінші бөлігін сендерге табыстаймын.

-Балалар, енді кілттің қалған бөліктерін табуымыз үшін сапарымызды жалғастырамыз.

Тапсырма :2

-Балалар, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1.Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

2.Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

3.Білім-шырақ, Өнер-бұлақ.

-Өте жақсы балалар,білім туралы өлең білесіңдерме?

Кел балалар,оқылық

Оқығаның көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей ақ табылар.

-Балалар, біздер «Білім еліне» қандай көлік түрімен келдік?

Кемемен жүзіп келдік.

-Капитан: Балалар сендер мақал мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер кілттің екінші бөлігін тапсырайын.



Тапсырма: 3

-Балалар, қандай ертегілерді білесіңдер?

Шұбар тауық ,Бауырсақ, Алдар көсе мен бай, Жетті лақ, Шалқан ертегілері.Олай болса балалар жетті леқ ертегісін әңгімелеп берейік.

Ертегіні балалар әңгімелеп береді.

-Капитан: балалар сендер ертегіні өте жақсы әңгімеледіңдер.

Мен сендерге кілттің ең соңғы бөлігін табыстаймын сендер өте жақсы тапқыр білімді балалар екенсіңдер.



Сергіту сәті:

Балалар қимыл –қозғалыспен көрсетеді.

Бойды сергек тік ұста

Емін-еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да

Өз қолыңды алға соз.

Қол ұшына қара да

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қолда бос тұрмасын

Шеңбер жасап зырласын.



Капитан:

-Балалар сендер өте ақылды тапқыр екенсіңдер. Маған көп көмектестіңдер. Кілтті тауып беруге және құрастыруға. Ендеше менің кететінін уақытым болды. Сау болыңдар.

Балалар енді біз құрастырған кілттіміздің қандай пішіндерге ұқсайтынын атап айтып береиік Сопакша,төртбұрыш, үшбұрыш.

-Балалар, саяхатымыз ұнады ма?

-Бүгін қайда саяхатқа шықтық?

-Саяхатқа қандай көлік түрімен бардық?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Жарайсыңдар, балалар. Осымен бүгінгі оқу іс-қызметіміз аяқталды.



Қортынды: Дидактикалық ойын.

« Көкөністер мен Жемістер.»



Қорытынды сабақ

Тақырыбы: «Білім теңізіне саяхат»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет