Кіріктіретін оқу қызметі: Коммуникация, Денсаулық, Шығармашылық, Әлеуметтік орта,Таным. Мақсаты



бет1/2
Дата06.05.2020
өлшемі33,19 Kb.
#66220
  1   2
Байланысты:
Қорытынды сабақ 2020г


Кіріктіретін оқу қызметі: Коммуникация, Денсаулық, Шығармашылық,

Әлеуметтік орта,Таным.



Мақсаты:балалардың күнделікті алған білімдерін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бекіту;балалардың шығармашылығын,мақал-мәтел, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту;ұқыптылыққа,өз еркімен ойын жеткізуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,мадақтау, түсіндіру, көрсету.

Билингвальды компонент:көктем-весна,кеме-корабль.

Көрнекілігі: сандық, кілт, кеме, торғайлар,кеменің макеті.

Шаттық шеңбері

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей, бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Сәлеметсіздер ме балалар! Балаларды отырғызып, бүгінгі оқу қызметімен таныстыру.

-Қазір жылдың қай мезгіл?

-көктем - весна-spring

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-үш ай бар.

-Наурыз, сәуір, мамыр.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, көктем мезгілінде үш ай бар көктемде күн жылынып табиғат анамыз жандана бастайды , жылы жақа ұшып кеткен құстар кайтып келеді ағаштар бүршік жарады.

Балалар сендер саяхатқа шықыларың келема?



  • Ия.

  • Олай болса «Білім еліне» саяхатқа шығамыз.

  • Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер сол жұмбақтың жауабын табасыңдар.

  • Жұмбақ:

Сылқ – сылқ күледі.

Аяғы жоқ жүреді. ( Су)

Өзен, көлде батпайды,

Жүзгені жақсы болса да

Адамсыз түк істей алмайды. ( Қайық )

Өте жақсы балалар сендер жұмбақтың жауабын таптыңдар.

Сол сәтте кенеттен есік соғылады.

Бұл кім екен балалар?



Ғажайып сәт:

Капитан сиқырлы кілтпен кіреді.



Капитан: Сәлеметсіздер ме балалар!

Сендердің саяхатқа шыққалы жатқандарыңды естіп, алыс сапардан сиқырлы кілт алып келдім.

Ендеше бұл кілтті құрастыру үшін, менімен бірге «Білім»еліне сапарға аттанайық!

Тәрбиеші:

Сапарға шығу үшін не керек?

Көлік керек.

Ал қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Әуе, жол ,су, жерасты көліктері.

Өте жақсы олай болса бүгін алдымыздағы ақ қағазда нүктелер қойылған, сол нүктелерді бір-біріне жалғасақ қандай көлік түрі шығады. Сол көлікпен «Білім»атты кемемен сапарға аттанайық.



Сөздік жұмыс:кеме-коробль -shick

Ал енді,балалар біз кемеге мінуіміз үшінмына сұрақтарға жауап беруіміз керек.

-Табиғат деген не?

Қоршаған орта,аспан,жер,өзен,теңіз әлемі.

-Денсаулық деген не?

-Денсаулық дегеніміз деніміздің саулығы.

Балалар кемеміз сумен жүзіп келе жатыр.

-Су қандай? -Су мөлдір таза.

-Су қайда болады? Өзенде, көлде,мұхитта болады.

-Суда нелер тіршілік етеді? Балықтар,өсімдіктер.

-Су астында не бар? Балықтар,жер бар.

-Бұл-«Білім елі». Менің тапсырмам осы елде.



Тапсырма: 1

1-ден 5-ке дейін санау.

Балалар 1-ден 5-ке санайды.

Логикалық есеп:

Ағашта үш торғай отыр. Біреуі ұшып кетсе нешеуі қалады?

1. Бес алманың біреуін

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолында қалады?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет