Магистратура
«Магистр» сөзі - латын сөзінен шыққа ол «тәрбиеші», «оқытушы», «жетекші» деген мағынаны береді. Орыс тіліндегі аудармасында ол «өз ісінің шебері» дегенді білдіреді. Ертеректе «магистр» — бұл батыс — еуропаунверситетінің философия факультеттеріндегі докторлық дәрежеден сәл төмен тұратын оқу дәрежесі. Қазіргі ағылшындық - американдық жоғарғы білім жүйесінде магистр дәрежесі бакалавр мен ғылым докторыаралығындағы орынды иемденеді.
Ресейде магистірлік оқу дәрежесі 1803 жылы кандидат және ғылым докторы дәрежесі қатарына енгізілді. Бұл дәрежеге ие болған тұлғалар кафедра басқаруға құқылы болған.
1884 жылы ғылым кандидаты алынып тасталынды. Осы уақыттан бастап Ресейде тек екі оқу дәрежесі — магистр және ғылым докторы ғана аталды. 1917 жылғы Ресейдегі төңкерістен кейін оқу дәрежелерінің барлығы дерлік жойылды. Алайда, 1934 жылы кандидат және ғылым докторы оқу дәрежелері қайта құрылды. Магистр дәрежесі болған жоқ. Ал, Қазақстан Республикасының жоғарғы білім құрылымында магистрдің академиялық дәрежесі 1994 жылыенгізілді және ғылыми деңгейі бойынша бакалавр дәрежесінен соң және ғылым кандидаты дәрежесінің алдында тұрады.
Бұл дәреже оқу емес академиялық болып табылады, ол жоғарғы оқу орнын бітірушінің білімін көрсету және оның ғылыми қызметкер ретіндегі икемі мен дағдысының қаншылықты бар екендігін куәландырады.
Магистр дәрежесі ғылыми–зерттеу немес ғылыми–педагогикалық әрекетке бағытталған.
Магистрлік жұмысы және таңдалған тақырыптың нәтижесін көрсетуші. Магистрлік жұмыста алынған нәтижелердің жиынтығы оның авторының таңдаулы кәсіптік әрекетінде бастапқы ғылыми дағдыларының бар екендігін көрсетуі қажет.
Магистірлік жұмыс кандидаттық және докторлық диссертациялармен бірнеше белгілеріне қарай ұқсас, бірақ толық мағынасында ғылыми туынды деп атауға келмейді, дегенмен магистірлік дайындық - бұл аспирантураға түсуге, ары қарай кандидаттық диссертацияға дайындауға апаратын ғылыми - зерттеу әркетенің бірінші баспалдағы.
Ол зерттеу жұмыстарын үлгілеу негізіндегі оқу — зертеу жұмысатарының қатарына жатқызылуы қажет. Магистрлік жұмысқа дайындау мен оны қорғау процедурасы барынша қарапайым. Мысалы, ғылыми басылымдарда алынған нәтижелердің жарық көруі, авторефераттардың дайындау міндетті түрде талап етілмейді, Мемлекеттік квалификациялық комиссияға құжат өткізуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |