Мақсаты: Күз мезгілі, оның ерекшеліктері, түстер туралы алған білімдерін бекіту. Заттарды көлеміне қарай айыра білуге үйрету. Үлкен – кіші, ұқсас, ұқсас емес деген сөздерді қолдана отырып, ойнату арқылы зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: ойын – сабақ, күтпеген сәт, көрсету, түсіндіру, салыстыру, сергіту сәті.
Көрнекіліктер: түрлі түсті жапырақтар, көк, қызыл жолақшалар, түрлі түсті қатырма қағаз жолағы.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Сергіту сәті: тербеледі ағаштар
Биік болып өседі.
Жел соққанда ырғалып,
Жапырақтар түседі.
-Жылдың қай мезгілі? -Күзде ағаштың басынан нелер түседі?
Күтпеген сәт Топ бөлмесіне себеті бар қуыршақ Сәуле келеді. -Сәлеметсің бе, қуыршақ Сәуле?
-Балалар, қуыршақ Сәулемен амандасайық.
-Балалар, қуыршақ Сәуле себетпен келіпті. Бұл себеттің ішінде не бар екен? Ашып қараймыз ба?
-Жапырақтар бар екен.
-Балалар, әуелі осы жапырақтардың түсін ажыратайық.
Ойын: «Жапырақтарды түсіне қарай жина». Үстел үстіне үш түсті қатырма қағаз жолақтары қойылады. Балалар жапырақтарды түсіне қарай топтайды. -Балалар, енді мына жапырақтарды көлеміне қарай ажыратамыз.
-Жапырақтар әртүрлі: үлкен – кіші. Тәрбиеші жапырақтарды кезекпен – кезек көрсетіп, үлкен-кішілігін анықтайды. Балалар кіші жапырақтарды көк жолақшаға, ал үлкен жапырақтарды қызыл жолақшаға қойып, бөлек-бөлек топтастырады.
Ойын: «Бөлігін тап» -Балалар, мен фланелеграфқа бөлінген жапырақ-тарды орналастырдым. Осы жапырақтардың бөлігін тауып орналастырайық. Қызыл, сары кемелер, Су бетінде қалқиды. Соқса егер салқын жел, Ырғалады, толқиды. -Бұл не, балалар? -Жапырақтар.
-Енді, балалар, келген қонақтармен, қуыршақ Сәулемен қоштасайық. Жапырақтарды жинап, табиғат бұрышына қояйық.
Сергіту сәтін қимыл – қозғалыспен жасайды
- күз – жапырақтар
Балалармен амандасады Қызыл, жасыл, сары Балалар таңдана қарап, жинауға кіріседі
Балалар жапырақтарды құрастырады Балалар қонақтармен қоштасады. Жапырақтарды табиғат бұрышна қояды. Күтілетін нәтиже: Жаңартуы: түстерді ажыратып, күз және оның ерекшеліктерін айта біуі керек. Түсінуі: үлкен – кіші ұғымы қалыптасады. Қолдануы: жапырақтарды үлкен – кішілігіне қарай топтастыру арқылы саусақ бұлшық еттері дамиды, зейіні, есте сақтау, ойлау қабілеттері артады.