Ғылыми мәселе - дегенде әдетте ғылыми зерттеудің нақты тақырыбына қатысты кішігірім ғылыми міндеттерді ауызға алуға болады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері
• Техникалық-экономикалық негіздеу (ТЭО)
• Зерттеуге дайындау
• Жұмыс жоспары және зерттеуді өткізу
• Зерттеу нәтижелерін енгізу
Техникалық-экономикалық негіздеу
Алғашында проблемамен жалпы танысу нәтижесінде тақырыптың өзі қалыптасады, яғни зерттеуді орындау шеңберінде және негізгі қүжат-техникалық-экономикалық негіздеу жасалады. Тек осындай негіздеу жасалғанда ғана қарайғы жоспарлау мен қаржыландыру мүмкін болады. Бірінші бөлімде тақырыпты техникалық-экономикалық негіздеу жұмыстың себептері көрсетіледі, ертеректе алынған нәтижелер мен зерттеудің жеткен деңгейі бейнеленетін қысқаша әдеби шолу келтіріледі. Бұл зерттеудің кезеңдері мен міндеттерін, шешу әдістерін белгілеуге, тақырыпты орындаудың түпкілікті мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Мұнда тақырыпты патентті жасап шығару және лицензияны сатып алудың мақсаттылығын анықтау кіреді. Техникалық-экономикалық негіздеуді құру кезеңінде ҒЗЖ-дан күтілген нәтижелердің қолдану саласы белгіленеді олардың аталған салада тәжірибе жүзінде жүзеге асу мүмкіндіктері бекітіледі, жаңа техниканы қолдану кезеңіндегі экономикалық әсер анықталады.
экономикалық әсерден басқа техникадық - экономикалық негіздеуде болжанған әлеуметтік нәтижелер көрсетіледі (еңбек өнімділігінің өсімі, өнім сапасы, өндірістік санитария мен қауіпсіздік деңгейнің жоғарылауы, қоршаған орта мен табиғатты қорғауды қамтамасыз ету).
Нәтижесінде техникалық-экономикалық негіздеу құру дегенде НИР мен ОКР-ді орындаудың қажеттілігі мен мақсаттылығы туралы қорытынды жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |