Зерттеулерге дайындау
Техникалық-экономикалық негіздеуді мақұлдаған соң зерттеудің мақсаты мен міндеттері мақұлданады. Әр түрлі ұйымдардың профильге сәйкес тақырып бойынша ғылыми-техникалық есебі мен отандық және шетелдік әдебиеттердің библилграфиялық тізімі құрылады, әдебиет көздерінің аннотациялары құрылады және тақырып бойынша рефераттар қажет болған жағдайда құрылады, зерттеу әдістері (экспериминтальды, теоретикалық т.б), нақты бір зерттеуді қамтитын заттар, процесстер, құбылыстар түсіндіріледі.
Теоретикалық зерттеулердің мақсаты – заттың физикалық мәнін тану болып табылады. Нәтижесінде физикалық үлгі негізделіп, математикалық үлгілер жасалады және осындай жолмен алдын-ала алынған нәтижелерсарапталады.
Экспериментальды зерттеулер ұйымының алдында міндеттер қойылып, эксперимент бағдарламасы мен әдістері таңдалады. Оның тиімділігі өлшеу құралдарын таңдауға байланысты. Бұл міндеттерді шешу барысындаинструкциялар мен ГОСТ-тарды басшылыққа алған жөн. Қабылданған әдіснамалық шешімдер эксперимент өткізуге әдістік көрсеткіш түрінде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |