Тәжірибені дайындау
Кез келген түрдегі тәжірибені жүргізу үшін мыналар қажет:
Тексерілуі қажет гипотезаны шығару;
Тәжірибелік жұмыстардың бағдарламасын құру;
Зерттелетін объектіге араласудың жолдарын және әдістерін анықтау;
Тәжірибелік жұмыстар процедураларын жүзеге асыру жағдайымен қамтамасыз ету;
Тәжірибе жүрісін және нәтижелерін бекіту жолдарын және тәсілдерін өндіру;
Тәжірибе саймандарын дайындау (құралдар, қондырғылар, модельдер, т.б.);
Тәжірибені қажетті қызмет көрсетуші персоналмен қамсыздандыру.
Тәжірибе әдістемесі ─бұл сәйкесінше зерттеу мақсатына жететіндей етіп орналасқан және ретімен анықталған, ойлау және физикалық операциялар жиынтығы.
Тәжірибені жүргізу әдістемесін жасау кезінде мыналарды қарастыру керек:
Зерттелетін объектінің немесе бастапқы мәнді анықтау (гипотеза, түрленетін факторларды таңдау) мақсатында құбылысты алдын ала мақсатты бақылауды жүргізу;
Тәжірибелеу мүмкіндігі бар жағдай жасау (тәжірибелік әсерге объектілерді таңдау), кездейсоқ факторларды жою;
Өлшеу шектерін анықтау;
Зерттелетін құбылыстың даму жолын жүйелік бақылау және фактілерді дәл сипаттау;
Өлшемдік және фактілер бағалауларына әртүрлі құралдармен және тәсілдермен жүйелік тіркеу жүргізу;
Қайталанатын жағдайларды жасау, шарт сипатының және айқасқан әсердің өзгеруі, бұрын алынған мәндерді растау немесе жоққа шығару мақсатымен күрделі жағдай жасау;
Эмпирикалық зерттеуден логикалық жалпылауға, талдауға және алынған материалдың теориялық өңдеуіне ауысу.
Сондықтан әдістемеге талдау жасау, анықтау әдейі мұқият жүргізілуі керек.әдістемені анықтаған кезде тек қана өзіңнің сынағыңда ғана емес, жолдастарыңның және басқа коллективтің сынағын қолдану керек. Міндетті түрде әдістеменің ғылымның қазіргі деңгейіне және зерттеу орындалатын талаптарға сәйкес келуіне көз жеткізу керек.
Тәжірибенің әдістемесін таңдап алып, зерттеуші оның практикалық қолданылуына көз жеткізу керек. Оны тіпті әдістеме басқа зертханалық практикада апробацияланған жағдайда да орындау керек, себебі ол климаттың өзіндік ерекшелігіне, бөлмеге, зертханалық жабдыққа, персоналға, зерттелетін объектіге байланысты күрделі немесе тиімсіз болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |