Қарама-қарсы қою әдісінде өлшеммен салыстыру жүзеге асырылады (өлшенетін шама және шама бір уақытта құралға әсер етеді, оның көмегімен осы шамалар арасындағы қатынас анықталады).
Дифференциялды әдісте өлшеуіш құралға өлшенетін және бегілі шаманың айырмашылығы әсер етеді (мысалы: ұзындық өлшемін тексеру өлшеуі компаратордағы нұсқалық өлшеммен салыстырамыз).
Орнын ауыстыру тәсілінде өлшенген шаманы белгілі шамамен аустырады.
Нөлдік әдісте шамалардың құралға әсер ету эффектісін нөлге дейін әкеледі (мысалы: электр кедергісін өлшеу).
Сәйкес келу әдісінде өлшенетін шамалардың және өлшеуден алынған шамалардың арасындағы айырмашылық шкала немесе периодтық сигналдың мәндерінің сәйкес келуін қолданумен өлшенеді.
Өлшеу құралдары
Тәжірибелік зерттеудің негізгі бөлімі өлшеу құралдары, яғни экспериментаторға қажетті ақпаратты беретін техникалық құралдың жиынтығы болып табылады.
Өлшеу құралдарына өлшеулер, өлшеуіш құралдар, қондырғылар және жүйелер жатқызылады.
Өлшеудің қарапайым құралы берілген көлемнің физикалық шамасын шығаруға арналған өлшеуіш болып табылады ( мысалы: гір - масса өлшеуші).
Өлшеуіш құралы деп - экспериментаторға ыңғайлы түрде зерттелетін шама туралы белгіні бір ақпарат алуға арналган өлшеу құралын айтады.
Бұл құралдарда өлшенетін шама көрініске немесе сигналға түрленеді. Олар екі негізгі түйіннен тұрады: сигналды қабылдайтын және оны көрініске түрлейтін түйіндер.
Құралдар өлшенетін шама мәндерін есептеу тәсілі бойынша көрсететін және тіркейтін болып жіктеледі. Ең көп таралғаны есептеу құрылысы көрсеткіштен тұратын көрсететін аналогты құрал (монометрлер). Бұл құралдарэкспериментатордын қосымша операциясын қажет етпей, көрсеткіш береді. Бірақ, көрсеткіш цифрлық құралдарда (механикалық, электрондық) қателігі аз болады. Мұндай құралдың есептеу механизімі өлшенетін шаманы цифр түрінде бегітеді.
Тіркейтін құралдар өзі жазатын және басылатын болады. Өзі жазатын құралдар (термограф, дифференциалдық манометр) өлшеудің графигін немесе диаграммасын береді. Басылатын құралдар өлшеуді лентадағы цифр ретінде береді.
Құралдар сонымен қатар, өлшеудің дәлдігі, көрсеткіштердің тұрақтылығы, өлшеудің сезімталдығы, шектігі бойынша жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |