Құралдың қателігі
Өлшеу құралдары қателік және дәлдік шамасымен, өлшеудің тұрақтылығымен, сезімталдығымен сипатталады. Өлшеу құралдарының қателігі - оның маңызды сипаттамасының бірі. Ол құралды жасауға қолданылатын сапасыз материалдар құралдардың дайындау сапасының нашарлығы әсерінен пайда болады. Үлкен әсерді шкаланы градирлеу және құралдарды кезеңдік тексеру тигізеді. Осы жүйелік қателіктерден басқа әр түрлі кездейсоқ факторлармен байланысқан кездейсоқ қателіктер пайда болады. Сондықтан, құралдар қателігінің тек қана жеке емес, олардың қосындысын қарастыру керек.
Қалыпты жағдайда tв= 20С°; ауа ылғалдығы 80%; р=1.01325·105Н/м2 анықталған қателіктер қосындысын құралдың негізгі қателіктері деп атайды.
Құралдың қателіктері абсолюттік және салыстырмалы болады.
Өлшеу құралының абсолюттік қателігінде в=ү(хи-хд) шамасы алынады, мұнда хи- құрал көрсеткіші; хд-анық тәсілімен өлшеніп алынған шаманың нақты мәні. Салыстырмалы қателік вотн= ү(хи-хд) /100/ хд.
Достарыңызбен бөлісу: |