Кіріспе 2 Негізгі бөлім


ІІ. 2. Ілмекпен киімдер тоқу



бет5/10
Дата08.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#184175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тоқыма курстық жұмыс

ІІ. 2. Ілмекпен киімдер тоқу
Ілмекпен киімдерді де тоқыған. Киімдерді бостау иірген жіппен тоқыған. Мысалы, етегіне шілтері жолақ салынған белдемше тоқу.
Етегіне шілтері жолақ салынған юбка ­– ( 33-сурет ). 46 ­– размер 800 г мақта­-мақтадан иірілген жіп кетеді,
№ 2 және 2, 5 ілмек пайдаланылады.
Т о қ у ө р н е к т е р і : Негізгі өрнегі « ширатпа », шілтер. Негізгі өрнек үшін шалу саны 2­-ге бөлінуге тиіс, оған симметрия үшін 1 шалу қосылады. Тоқыған кезде 2 және 3 қатарларды алмастырып отырады. Шілтерлі жолақ үшін шалу саны 81-ге бөлінуге тиіс, оған симметрия үшін 1 шалу, 6 шеткі шалулар қосылады. 23-қатар 3- қатардағыдай басталады.
8 шалу – 10 см; 20 қатар – 10 см ; Шілтерлі жолақта ұзындығы 114 см етіп жалпағынан тоқиды. № 2 ілмекпен 88 үлпілдек шалудан тізбек тоқылады. Шілтердің екі жиегін істің теріс жағынан қысқа шалу арқылы қосады. Жоғарғы және төменгі бөліктерінің жиектерін дөңгелете тоқып шығады.
1-қатар – бос жіп қосылған 1 шалу және бос жіп қосылған әр шалудың немесе шілтердің 2 үлпілдек шалуының үстіне 1 үлпілдек шалу тоқылады.
2-қатар – бос жіп қосылған шалулардың және бұрынғы қатардағы үлпілдек шалудың үстіне бос жіп қосылған шалулар тоқылады. Тоқыманы шілтерлі жиектен жоғарғы әрі-бері « ширатпа » өрнегімен тоқи береді.
Юбканың екінші бетінің етегін де осылайша тоқиды. Бүйір тігістерін тігеді. Белден жоғары белдік үшін № 2 ілмекпен жай шалумен 3 см тоқиды.
Майка ( 33-сурет ). 46-размер, 150 г « ирис » деп аталатын жіп кетеді. № 2 ілмекпен тоқиды.
Т о қ у ө р н е к т е р і: Ілмекті жай шалулар, « гүл » өрнегі, « мережка » деп аталатын жиекті жолақ.
5-қатар 3-қатардағыдай басталады. Алдыңғы бойы мен артқы бойын бірге тоқиды. 158 үлпілдек шалудан тізбек жасап, ілмекті жай тоқумен 34 см тоқиды. Содан соң тоқылған істің жоғарғы жиегіне « мережка » деп аталатын жолақ тоқиды : бұрынғы қатардағы шалу бос жіп қосылған шалу, 2 үлпілдек шалу тоқып, бұрынғы қатардың 2 шалуын қалдырып кетеді. « Гүл » деп аталатын 14 өрнек ( мотив ) тоқиды. Өрнектердің ( мотивы ) соңғы қатардың тоқу үстінде оларды бір-бірімен және майканың жоғарғы жиегіне қалдырған жолақпен былай біріктіреді : бірінші өрнектің оң жақ бүйірдегі 2 жапырағын алдыңғы өңірдің жиегіне бос қалдырып, төменгі жапырақты жай шалу арқылы жиектегі жолақтың бос жіп қалдырған 4 -шалуына бекітеді. Оң жақ өрнектің сол бүйіріндегі жапырағының астынан шығатын 1- « имекті » жиектегі жолақтың бос жіп қалдырған 4-шалуына жай шалу арқылы бекітеді. Сол жақ өрнектің жапырағының төменгі бөлігіне бекітеді. өрнек салынған жолақтың жоғарғы жиегін, алдыңғы өңірдің және майканың етегін « мережка » деп аталатын жолақпен тоқиды. Майканың жиек үшін қалдырған үстіңгі жолағына өрнектердің жоғарғы жапырақтарының 24 үлпілдек шалудан тоқылған тізбек арқылы қосады. Тоқыманы буға ұстап, бауларды майканың жоғарғы (үстіңгі) қиығына тігеді.
Сарафан ( 39-сурет ). 46-размер. 1 100 г мақтадан иірілген жіп кетеді, № 2 ілмек пайдаланылады.
Т о қ у ө р н е к т е р і : Бос жіп қосылған шалулар, тармақты шалу, « диагональді тесіктер ». тармақты шалулар үшін шалулар саны 13-ке бөлінуге тиіс, оған симметрия үшін 7 шеткі 2 шалу қосылады.« Диагональді тесіктер » үшін шалу саны 48-ге бөлінуге тиіс, оған симметрия үшін 5 шеткі 2 шалу қосылады.
Е с е п : ( бос жіп қосылған шалулар үшін ) : 33 шалу – 10 см, 20 қатар – 10 см.
А р т қ ы б о й ы : Юбканың әр бөлігі беліне ( мықынға ) қарай тарылатын 4 үшкілден тұрады. Үшкілдер өзара тармақты шалулар мен үлпілдек шалудан жасалған жолақтар арқылы бөлінеді. 264 үлпілдек шалудан тізбек тоқылады. Тоқыманың үстіне тармақты шалулар арқылы жасалған тік жолақтардың әр жағынан 16 жіптен қысқарта отырып, 5 жіп қосылған шалулармен 55 см тоқиды : әр 8 қатарда 1 жіптен қысқартады. Тоқыманың әр бөлігінің екі бүйірінен 18 жіптен, әр 7 қатарда 1 жіптен қысқартады. Істің басынан 66 см тоқыған соң , белдің ( мықынның ) бойымен 2 бос жіп қосылған шалулар арқылы 1 қатар тоқиды. « Диагональды тесіктер » өрнегін салып 22 см тоқиды. Екі жағынан да әр 7 қатарда 6 рет 1 жіптен қосып отырады. Кеуденің екі жағынан жеңнің түбін шығару үшін 33 жіптен қалдырады,
Олардан кейінгі 12 шалуды бос жіп қосылған шалу әдісімен ұзындығы 31 см жолақ ( бау үшін ) тоқиды. Ортасында желке ойығымен артқы бойы үшін 56 шалу қалады.
А л д ы ң ғ ы б о й ы : 264 үлпілдек шалудан тізбек тоқып, юбканың алдыңғы бөлігін артқы бөлігіндей етіп тоқиды. Істің басынан 66 см тоқыған соң, 2 бос жіп қосылған шалулармен 1 қатар тоқылады да, юбкамен кеуденің тармақты шалулардан тоқылған тік жолақтарын бір-біріне сәйкестендіріп, әрі қарай « диагональды тесіктер » өрнегін салып кеудесін тоқиды, 88 см тоқыған соң, тоқыманы екіге бөліп, әр бөлігін жеке-жеке тоқиды. Қолтықтың ойындысын шығару үшін 18 қатардан 10 рет 2 және 6 рет 1 жіптен ( алма-кезек ) тоқымай кетеді. Алқымның ойығын шығару үшін тоқыманың ортасында 10 жіп қалдырып, 16 қатардан 13 рет 2 және 3 рет 1 жіппен ( алма-кезек ) тоқымай кетеді. Екінші жартысын бірінші жартысындай етіп тоқиды. Кеуденің әр жартысының жоғарғы жағында қалған 12 шалуға артқы бойдағы шалулардан тоқылған бауды біріктіріп тоқиды. 2-ден біріктірген жіппен 300 үлпілдек шалудан белдікке арнап тізбек тоқылады. Белдің бойына орналасқан, екі бос жіп қосылған шалулардың арасынан белдікті өткізіп, оның ұш жағынан бір-біріне 10 – 15 см қашықтықта орналасқан түйіншектер түйеді.
Шәлі ( орамал ). ( 42-сурет ). 400 г жүннен иірілген жіп кетеді ( № 32 / 2 жіпке біріктірілген ), № 2 ілмек пайдаланылады.
Т о қ у ө р н е к т е р і : Негізгі өрнек – айшықты шаршылар, түзу тор. Шәлі айшықты төртбұрыш өрнегімен, түзу торлар салып (алма-кезек ) тоқылған үш жолақ пен үшбұрыштан тұрады. Істі « айшықты төртбұрыш » өрнегін салып, төменгі бұрышты тоқудан бастайды. Бұрыштың ортасынан бастап түзу тор біртіндеп негізгі өрнекті екі жаққа қарай ығыстырады да, өзі жолаққа айналады, содан кейін, керісінше, негізгі өрнек түзу торды екі жаққа ығыстырады. Осылайша үш жолақ негізгі өрнек үш жолақ түзу тор тоқылады. Негізгі өрнек, салынған жолақтың жалпақтығы 10 см немесе тігінен екі төртбұрыш сиятындай болып келеді. Ал түзу тордың үш жолағының көлемі әр түрлі 1-сі – 12 см, 2-сі – 10 см, 3-сі – 8 см. Тоқудың үшбұрыштап, негізгі өрнек сала отырып бітіреді.
Бұрыштың биіктігіне шахмат тәртібімен орнластырылған 8 шаршы сияды ( схемаға қара ).
Шәліні буға ұстап, екі жағынан да үлпілдек шалулардан жасалған 10 қатар «имек» тоқиды.
1-қатар – 6 үлпілдек шалудан жасалған « имектер ».2- , 3-, қатарлар – 7 үлпілдек шалудан жасалған « имектер ». « Имектерді » бұрынғы қатарға шахмат тәртібі бойынша жай шалу арқылы бекітеді.
4-қатар – 7 үлпілдек шалудан жасалған « имектер ». Бұрынғы қатарға оларды шахмат тәртібі бойынша алмастыра отырып былайша бекітеді. 1 рет жай шалу және 1 рет бос жіп қосылған 2 шалу.
5-қатар – 7 үлпілдек шалудан жасалған « имектер », оларды алғашқы үш қатардағыдай етіп бекітеді.
6-қатар – 8 үлпілдек шалудан жасалған « имектер », оларды бұрынғы қатарға 4-қатардағыдай етіп бекітеді.
7-қатар – 8 үлпілдек шалудан жасалған « имектер », оларды 5-қатардағыдай етіп бекітеді.
8-қатар – 9 үлпілдек шалудан жасалған « имектер » оларды 6-қатардағыдай етіп бекітеді.
9-қатар– 9 үлпілдек шалудан жасалған « имектер » оларды 7-қатардағыдай етіп бекітеді.
10-қатар – 10 үлпілдек шалудан жасалған « имектер » оларды 9-қатардағыдай етіп бекітеді.
10 үлпілдек шалудан жасалған әр « имекті » 3 жай шалу, 1 нық шалу, 1 бос жіп қосылған 2 шалу, 2 бос жіп қосылған 2 шалу, 3 бос жіп қосылған 1 шалу, 1 нық шалу және 3 жай шалу қосып тоқиды. Жиекті буға ұстайды.
Тақия ( шапочка ). ( 44-сурет ). 56-размер, 80 г жүннен иірілген жіп кетеді ( № 32 / 2 4 -тен біріктірілген ), № 3 ілмек керек.
Т о қ у ө р н е к т е р і : Жай шалу, нық шалу, оң жақты тармақты шалу. Тақия үш бөліктен тұрады.
Б і н ш і б ө л і г і. 4 үлпілдек шалудан тізбек тоқып, оны қысқа шалу арқылы дөңгелетіп бекітеді. Содан кейін шеңбердің ішіне 7 жай шалу тоқиды. Оның басталған жерін қосымша жіппен белгілеп, спираль бойымен жай шалумен 12 қатар тоқиды. Тоқу үстінде оларды бұрынғы қатардағы бұрымның жоғарғы бөлігіне бекітіп отырады. Қосымша жіптің бір бөлігін әр қатар сайын оң жағынан сол жағына және керісінше ауыстырып отырады. Содан соң 1-қатарда бұрынғы қатардағы 7 шалудың әрқайсысының үстіне 1 жай шалудан тоқылады. 2-, 3-, 5-, 7-, 9- қатарларда тақияны кеңейту үшін бұрынғы қатардағы әр 2 шалуға 2 жай шалудан тоқиды. 11-қатарда шалуларды бұрынғы қатардағыдай қосып отырып, енді 1 шалудан кейін емес, бұрынғы қатардағы 2- шалудан кейін 3 рет 1 жай шалудан қосады. Нәтижесінде бір қатарда 70 шалу болуы тиіс.4 - , 6-, 12-қатарларды бұрынғы қатардағы шалу сандарына сәйкес тоқиды.
12-қатарды қосымша жіппен белгіленген шалумен жай шалу арқылы біріктіреді де, қосымша жіпті суырып тастайды.
Е к і н ш і б ө л і г і н шеңбер бойымен тоқиды, әр жаңа қатарға көтерілк үшін 2 үлпілдек шалу жасап, бұрынғы қатардың бүкіл бұрымының астынан іліп нық шалулар жасап бекітіледі. 1-қатарда 70 нық шалу тоқылады. 2-қатардан бастап өрнек шығарылады. 4 тәсілмен 1 оң тармақты шалу ( бос жіп қосылған созыңқы шалуды 4 рет алмастыру керек ) тоқылады және бұрынғы қатардағы 7 шалудың үстіне 7 нық шалу тоқылады. 7 нық шалудың біріншісін тармақты оң шалу тоқылған шалудан тоқиды. Тармақты шалулардың арасы осылайша 1 нық шалуға көбейіп отырады. 1 қатарда барлығы 10 тармақты оң шалу болуға тиіс. Келесі қатарда тек бұрынғы қатардағы шалу санын қайталай отырып тек нық шалулар ғана тоқылады. 4-қатарды 2-қатардағыдай етіп тоқиды да, тармақты оң шалуларды бірінің астына бірін 8-нық шалудың үстіне орналастырады. Сол шалудың үстіне 9-нық шалу тоқылады. 6 - және 8-қатарларда тармақты оң шалуларды бұрынғы қатардағы тармақтағы оң шалудан кейінгі шалудың үстіне тоқиды, осылайша олардың арасы 1 нық шалуға кемиді. Бөріктің бұл бөлігіндегі тақ қатарлар бұрынғы қатардағы шалу санын қайталайды.
Ү ш і н ш і б ө л і гі : Шеңбер бойымен 8 нық шалулар тоқылады. 2-қатарда бұрынғы қатардағы әр 4 шалуға 2 нық шалу тоқи отырып, шалу санын көбейтеді. Бұл 8 қатарды білік ( валик ) жасау үщін оң жағына бүктейді.
Ілмекпен балалардың денесіне жұмсақ, жайлы етіп түрлі киімдер тоқуға болады. Адам қиялы шексіз. Заман талабына сай , сәнді етіп тоқуға болады. Мысалы, түрлі кофталар, колготкилер, жұмсақ шәркей ( пинетка ), башмақтар, қолғаптар тоқуға болады.
Жұмсақ шәрке ( пинетки ) (47 б-сурет ). 70 г жүннен иірілген жіп (60 г қызғылт, 10 г ақ жіп ) кетеді. 2 1/2Ілмекпен тоқиды.
Т о қ у ө р н е к т е р і . жай шалулар, бос жіп қосылған шалулар, оң және теріс рельефті шалулар, рельефті ромб.
Е с е п : ( жай шалулар ) 25 шалу – 10 см, 27 қатар – 10 см болады. 52 үлпілдек шалудан тізбек жасап, дөңгелетіп бекітеді де, шеңберді айналдыра екі жағынан да 7 қатар жай шалулар тоқиды. өкшесімен тұмсығын шығару үшін 1 қатарда тізбектің 1- және соңғы шалуларының үстіне 3 жай шалудан тоқиды. Келесі 6 қатардың әрқайсысына бұрынғы қатардағы шалулар қосылған 1- 3- шалуларға 3 жай шалудан тоқиды. Табанның шеңберіне кеткен шалуды санап шығып, сонша санды үлпілдек шалудан жұмсақ шәркенің үстіңі бөлігінің негізін жасайтын тізбек тоқиды. Тізбекті қысқа шалу арқылы дөңгелетіп, бекітіп, содан соң шеңбер бойымен 3 қатар бос жіп қосылған шалулармен ( тізбектің әр шалуының үстіне бір-бірден ) және 1 қатар жай шалумен тоқылады. Шеңбердің басталған және аяқталған жерін өкшеге келтіру керек. Тұмсықтың ортасын тауып, содан екі жаққа қатай тұмсықтың жоғарғы бөлігіне « рельефті ромб »өрнегін салып қызғылт ( негізгі ), ақ ( өңдеу үшін ) жіптермен әрі-бері тоқу керек. Тұмсықтың биіктігі – 6 см . Жіпті үзбей толарсақтың бойымен бұрынғы қатардағы әр шалудың үстіне бос жіп қосылған шалулармен қатар тоқылады. Келесі 4, 5 см-ді спираль бойымен 1Х 1 резинка әдісімен тоқиды. Тоқыманың бұл бөлігін ақтай келе рельефті шалудан кейін нық шалу, жай шалу және қысқа шалу тоқу арқылы қатарды « төмендетеді ». табанды үстіңгі бөліктің бас жағымен беттестіріп ( теріс жағын табанының теріс жағына келтіріп ), жай шалу арқылы бекітіп, содан соң 1 қатар « шаян ілмек » өрнегімен тоқу керек. 100 шалу тізіп, бау жасайды да, оны толарсақтың тұсынан өрнектердегі тесіктерден өткізеді, содан кейін әшекей спираль жасау үшін тізбектің екі шеткі 10 тізбектің әр шалуының үстіне 8 – 10 бос жіп қосылған шалулар тоқылады.
Башмақ 100 г жүннен иірілген жіп кетеді № 2 1/2 ілмек пайдаланылады.
Т о қ у ө р н е к т е р і : жай шалулар, рельефті ромб.
Е с е п : ( жай шалулар ) 25 шалу – 10 см, 27 қатар – 10 см-ге тең. Табан үшін 18 үлпілдек шалудан көгілдір түсті жіппен тізбек жасап, жұмсақ шәрке ( пинетки ) сияқты шеңберді айналдыра жай шалумен 9 қатар тоқылады. өкшесімен тұмсығын шығару үшін тізбектің екі қырына бір жіптен қосылып отырады. Табанның теріс жағынан ақ жіппен « шаян ілмек » өрнегімен 1 қатар тоқылады. Содан кейін осы жағынан көгілдір түсті жіппен бұрынғы қатардағы шалулардың бұдырына бекітіп жоғары қарай 5 қатар әрі-бері жай шалумен тоқылады. Шалуларды екіге бөліп, бір бөлігіне ( әрі-бері ) сірісі (задник ) үшін жай шалумен тағы 13 қатар тоқылады. 2-бөліктің ( тұмсық ) ортасын тауып, содан жоғары қарай, жұмсақ шәркені тоқығандай оң жіппен башмақтың тұмсығы мен үстін тоқиды. Ортасына тоқылатын 4 әшекей ромбыны көгілдір түсті жіппен тоқиды. Тоқу кезінде тұмсықтың екі жағына және сірінің башмақтың ішкі жағына орналасқан бөлігіне бекітіп отырады. Бұл бөліктің айналасын ақ жіппен « шаян ілмек » өрнегімен тоқиды. Башмақтың ілгек жасатын сыртқы жағына 3 түйме қадап, оны негізгі өрнектегі қуыс арқылы түймелейді. Қоныштың ең жоғарғы жағын « шаян ілмек » өрнегімен тоқиды, табанға киізден не жұмсақ теріден ұлтан салуға болады.
Ілмекпен тек киімдер ғана емес, тұрмыста қолданылатын басқа да бұйымдарды тоқуға болады. Мысалы, жастық, түрлі өрнекті салфеткалар тоқуға болады. Мұндай қолмен тоқылған салфеткалар өте сәнді көрінеді.
Жастық 200 г жүннен иірілген ( жуан ) жіп кетеді. № 2 ілмек пайдаланылады.
Т о қ у т ү р л е р і : кестелі өрнек, « кулечки » ( орама ).
Ү с т і ң г і б е т і : 105 үлпілдек шалудан тізбек тоқиды. Содан соң мынандай тордың құрылатын кестелі өрнектер тоқылады : бос жіп қосылған 1 шалу, 2 үлпілдек шалу, бос жіп қосылған 1 шалу ретпен тоқылады. Тордың ішін толтыратын бос жіп қосылған 2 шалу жапырақтар мен сабақтардың тығыз өрнегін жасайды. Дөңгелекпен бекітілген райхан гүлі « кулечки » өрнегімен тоқылған. Бұл өрнек былай тоқылады : бұрынғы қатардағы 2 үлпілдек шалудың астынан іліп бос жіп қосылған 7 шалу тоқиды. Ілмектің ұшында қалған соңғы шалуды созып, ілмекті босатады. Ілмекті бос жіп қосылған 7 шалудың 1-інің бұрымына кіргізіп жаңағы созылып бос қалған жіпті іліп алады да, бірінші бұрымнан өткізіп, тығыздап тартады. әрі қарай схема бойынша тоқылады. Жастықтың екінші бетін бірінші бетіндей етіп тоқиды.
Екі бөлігін де буға ұстап, теріс жағынан беттестіріп, жай шалу арқылы біріктіреді, бір жағынан жастықты кіргізетін тесік қалдырады.
Алты өрнектен тұратын жапырақ салынған салфетка. Радиусы – 17 см, 100 г ширақ иірілген қатты жіп кетеді, № 3 ілмекпен тоқиды.8 үлпілдек шалудан тізбек тоқып, оны қысқа шалу арқылы дөңгелетіп бекітеді де, 12 жай шалу тоқиды. Өрнектің 1-жолағының негізі үшін 22 үлпілдек шалудан тізбек тоқылады. Кейін қайтып негіздің әр шалуының үстіне 1 жай шалудан тоқиды. Шеңбердің бірінші жібін қысқа шалумен бекітеді. Кейін қайтып тағы да бұрынғы қатардағы әр шалудың үстіне жай шалумен 1 қатар тоқиды. 3-қатарда қатарды көтеру үшін 1 үлпілдек шалу және 21 жай шалу тоқылады, әрі 6 рет әр 3-бағанаға 3 үлпілдек шалудан жасалған « пикоға » қысқа шалу арқылы бекітеді. Осылайша 6 жолақ тоқылады да, оның әрқайсысынан біртінеп бұрынғы қатардағы үшінші « пико » мен шеңбердің 2-шалуына бекітіп отырады.
Өрнектердегі жай шалуды тоқып келе жатқан қатардың артына орналасқан бұрынғы қатардың төменгі бөлігіне бекітеді. Бір-бірімен қосылған алты өрнек шеңбер құрайды. Осы шеңбердің ортасын толтыру үшін 15 үлпілдек шалудан тізбек тоқып, оны қысқа шалулар арқылы дөңгелетіп біріктіріп, 24 жай шалу тоқиды. Қатарды жай шалу арқылы біріктіреді, әрі қарай салфетканың « сақиналарын » тоқығандай 5 « пико » мен жай шалулардан жолақ тоқиды, әрқайсысын өрнектің ортасындағы соңғы екі « пикоға » бекітіп отырады.
Жай шалулар арқылы 6 жапырақ тоқиды да, оны бұрынғы қатарға өрнектердегі сияқты етіп бекітеді, « жапырақтардың » соңғы қатарын тоқығанда оларды өрнектің үщ жолағына шеңбердің сырт жағынан бекітеді.
Өрнектер мен « жапырақтардың » орналасуын өзгерте отырып салфеткаға әр түрлі форма беруге болады.
Дөңгелек салфетка ( 53-сурет ). 80 г қалың қатты жіп кетеді. № 3 ілмек пайдаланылады.
Т о қ у ө р н е к т е р і : үлпілдек шалудан тоқылған тізбектерден жасалған « ілмектер », қысқа шалулар, жай шалулар, 2 бос жіп қосылған шалулар, 2 бос жіп қосылған тоқылып бітпеген шалулар, 3 үлпілдек шалудан жасалған « пико».
Салфетканы тоқуды ортасына 8 үлпілдек шалудан тізбек жасап, дөңгелетіп қысқа шалу арқылы қосудан бастайды. 1-қатар үшін бос жіп қосылған 2 жай шалуға тең 3 үлпілдек шалу (қатарды көтеру үшін ) тоқиды, содан соң 2 үлпілдек шалудан « имек » тоқып, оны алғашқы шалудың астынан іліп бос жіп қосылған шалулар, 2 бос жіп қосылған тоқылып бітпеген шалулар, 3 үлпілдек шалудан жасалған « пико ».
Салфетканы тоқуды ортасына 8 үлпілдек шалудан тізбек жасап дөңгелетіп қысқа шалу арқылы қосудан бастайды. 1-қатар үшін бос жіп қосылған 2 жай шалуға тең 3 үлпілдек шалу ( қатарды көтеру үшін ) тоқиды, содан соң 2 үлпілдек шалудан « имек » тоқып, оны алғашқы шалудың астынан іліп 2 бос жіп қосылған шалу арқылы бекітеді. Сөйтіп схема бойынша шеңберді айналдыра келесі қатардың бас жағына қарай тығыз жанаса отырып қысқа шалулар арқылы ілгері тоқи береді.5-қатардағы 10 үлпілдек шалудан жасалған « имектің » астынан іліп 6-қатарда 3 рет 11 және 13 рет 12 бос жіп қосылған шалулар тоқиды. Қорытындысында 189 шалу шығады. Соңғы 16-қатарда 1-үлпілдек шалуға жай шалу арқылы бекіте отырып, 4 үлпілдек шалудан « пико » тоқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет