Кіріспе 3 I тарау Жастардың әлеуметтік сипаты


II Тарау Ғылым және білім жүйесіндегі жастар



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі110,5 Kb.
#82111
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жастар әлеуметі курстық жұмыс

II Тарау Ғылым және білім жүйесіндегі жастар.
2.1 Еңбек нарығындағы жастар.
Ғылыми-техникалық революция қоғамның бүкіл құрамын, мінездемесін, адамның орны мен қызметін, өмір бейнесі мен тұрмысын, әлемге көзқарасын қарқынды түрде өзгертеді. ғылыми-әлеуметтік потенциал мемлекеттің беделінің символына айналды, себебі оның болашақтағы ұлылық пен ірілігін анықтайды.
Ғылым - әлем туралы объективті білімдерді жүйелеп негіздеуге бағытталған адамзат қызметінің саласы ғылым арқылы тарихи дамушы білімдер мен әлеуметтік институттар жиынтығын түсінеміз. Егер ғылымды білімнің бір саласы ретінде қарастырсақ, онда ол объектіге бағытталуы тиіс, әрі өзіне сәйкес арнаулы болуы тиіс. Арнаулы ғылыми - білімге қол жеткізу бұл әрбір субъект өзі үшін қайта ойлап таппайды, өзінің кәсіби дайындығы барысында меңгеретін нормалардың реттелген қабылдау процесі болып табылады. Ғылымның бір саласы бойынша қажетті кәсіптік меңгергендігі бойынша біріккен тұлғалар мен жаңа білімдерді талдау процесіне қатысушыларды ғылыми қауымдастық деп атайды. Қауымдастықтың басты сұрақтарының бірі - ғылыми қызметті жандандыру мен жаңа зерттеуші ұрпақтарды дайындау болып табылады. Білім әлеуметтік институттарды қамтамасыз ететін жеткілікті дәрежедегі ұзақ мерзімді әрі негізделген кәсіби дайындық ғылымда қарқынды өзара байланыс пен өзара айырбасты қалыптастырып, ғылымның әлеуметтік қызметтерін қалыптастырады.
Білім мен ғылым – әлеуметтік-мәдени практика, әлеуметтік институт, арнайы ұйымдастырылған процесс саласын анықтайтын көпмағаналы ұғым қызметтің нәтижесін айқындайды.
Кез-келген білімнің мақсаты адамның мәдени құндылықтарға , өнерге, рухани адамгершілік құқыққа, шаруашылыққа, табиғи адамның мәдениеттілікке айналуына, тығыз қарым-қатынас жасауына пайдалы әсерін тигізеді. Білім адамдардың жоғарғы және арнайы оқу мекемелері көмегімен жүйеленген білімдер, әдіс тәсілдер, ақыл-нақылдар құндылықтарды үйрену меңгеру мен таралуы процесін анықтайды. Білім әлеуметтік институт ретінде әлеуметтік мәдени ортаға бейімделу, дайындау, әлеуметтену, қоғамның әртүрлі салаларына жастардың араласуы қызметтерін атқарады.
Ұрпақтар ауысымы нәтижесінде қарапайым білімнің өркендеуі ғана емес, сонымен қатар білім және ғылым институттары мен бүкіл қоғамдық жүйелердің жаңару процесі жүреді. Әлеуметтік-мәдени тәжірибенің жаңартылған түрлерінің бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуі процесінде жастар шешуші фактор болып табылады.
2. Білім өз алдына әлеуметтік жүйелерді құрып, өзіндік құрылымнан тұрады. Оның негізгі элементтері оқу-тәрбиелік мекемелер әлеуметтік ұйымдар ретінде, әлеуметтік лауазымдар, оқу процесі әлеуметтік қызметтің бір түрі болады.
Білім жүйесі бір қағидаларға орай құрылымданған, өзіндік қатарлардан тұрады:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесі;

  • жалпы білім беру мектебі;

  • кәсіби-техникалық білім беру,

  • орта кәсіби білім беру;

  • жоғарғы білім беру;

  • жоғарғы оқу орнынан кейін білім беру,

  • мамандарды қайта даярлау жүйесі.

29 жас
28 докторантура


27
26
25 аспирантура
24
23 магистратура
22 мамандар
21
20 бакалавриат
19
18 толық емес орта білім бастауыш кәсіби білім БПУ
17 толық білім беру
16 гимназия лицей мектеп ПУ
15
14
13
12 НЕГІЗГІ БІЛІМ БЕРУ
11
10
9 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ
8
7
6
5 балалар бақшасы мектепке дейінгі тәрбие
4 мен білім беру
3
2 балалар бақшасы
1

Қазіргі заманда білім берудің формальды жүйесін атқарып отырған қызмет ін кез-келген әлеуметтік институт атқара алмайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлдем қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан, білім беру жүйесі әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден-бір сала болып табылады.


Білім беру мекемелдерінде әр жас студент немесе шәкірт қалыпты, жүйеленген ережелерге сәйкес әрекет етуі тиіс. Бұл жағдай қоғамның қатаң әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылысты көрсететін болады. Басқаша айтқанда, қалыптасқан нормалармен ережелерді сақтауды алға тартады.
Әрине, қазіргі қоғамда білім беру жүйесі кәсіби, мамандандырылған білім берудің ең басты құралы ретінде жүретінін ұмытпауымыз керек. Егер дәстүрлі қоғамдарда білім беру жекелей әсер ету арқылы оқытушыдан шәкіртке, үлкеннен кішіге өтіп отырса, ал дәл қазіргі қоғамда стандартты формада формальды түрде іске асырылып жатыр. Бұл әрине, білім беру жүйесін қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтендіру факторына және құралына айналдырады.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру ісіне аса назар аударылып отыр. Оның сесебі қазіргі жастарымызға сапалы да салиқалы білім беру болып табылады. Білім беру жүйесіндегі көптеген реформалар Қазақстандағы жастарға білім беруге бағытталған. Жастар қоғамның күші, еліміздің болашағы дейтін болсақ, біздің еліміз жастарға білім беру жолында еш аянып қалмауы тиіс.
Әрине, бұл күндері білім аламын деген талапты жастарға мейлінше жағдай жасалынған десек те болады. Мектеп бітіруші түлектерімізге тегін білім алуға мүмкіндік беретін грант саны да жыл сайын өсу үстінде. Онымен қоса шетелде білім аламын деушілерге де жол ашық. Яғни жыл сайын елімізде шет елде білім аламын деп талпынған студенттерге «Болашақ» бағдарламасы бойынша үш мың тегін орын бөлініп отыр. Дегенмен дәл осы жүйенің кейбір шикі тұстары да бар. Бұл мәселелер әлі де қаралу үстінде.
Білім берудің бүгінгі жағымды пайдалы жүйесі болашақ қоғамның кемелденуінің жарқын бейнесі. Яғни білім берудің дамыған жүйесі әлеуметтендірудің негізгі қызметін атқарады.
Жасыратыны жоқ, дәл қазіргі кездерде білім беру саласында көптеген реформалардың енгізіліп жатқаны рас. Мысалы еліміз «Болашақ» бағдарламасы бойынша бір жастың өзіне көптеген қаржы жұмсап, шет елде оқуына жағдай жасап отыр. Ал, сол бағдарлама бойынша шет елде даярланған маман алған білімін өз елінің пайдасына ұқсатып жатыр ма? Жоқ әлде сол елде қалып қоюда ма? Әрине осы сұрақтар бойынша кейінгі кездері көптеген әңгімелер қозғалып жатыр. Сонша қаржы жұмсалып шет елде маман даярлаған соң сол маман өз білімін еліміздің экономикасында пайдаға жаратқаны дұрыс емес пе.
Соңғы кездері жастар қоғамның барлық саласында өздерінің белсенділігін таныту үстінде. Саясатта, өнерде, білімде, спортта, және тағы да басқа салаларда. Бұрынғыдай емес қазіргі кезде жастардың білімге деген ұмтылысы да басқаша. Дәл қазіргі заман талабына сәйкес, білімді, оқыған азамат өмірде өз орнын таба біледі. Өйткені қазір ақпараттың, жаңа технологияның заманы. Сондықтанда білім алуға келгенде жастарымыз өз мүмкіншіліктерін жіберіп алмағаны дұрыс.
Мамандық таңдау барысында да жастарымыз дұрыс қадам жасай білсе екен. Өйткені біздің қоғам дәл қазіргі кезде қаптаған экономисттерді немесе заңгерлер мен қаржыгерлерді емес, кәсіби біліктілігі жоғарғы құрылыс саласындағы мамандарды, техника және технология саласындағы мамандарды қажет етуде.
Әрбір еңбекке қабілетті адамның өмірінің бөлінбес бөлігі жұмыс болып табылады. Жұмыс істеушіге қойылатын талаптар деңгейі, оның мазмұны, қиындығы мен жауапкершілігі, біліктілігіне қарамастан жұмыс оның бүкіл өмірлік орнын анықтап, индивиттің субъективті құндылықтар жүйесі, жақын және алыс жетістіктерін айқындайды. Жұмыс «сондай – ақ адам өміріне әлеуметтік роль (түр – келбет) береді. Түрлі кәсіби қызметтер қоғамның даму деңгейін анықтап, олардың алдында тұрған мақсаттың мінездемесі, қоғамдық сананың кәсіптік бағалауы. Оның «беделдігін» айқындап береді. Бұл адамдардың мамандық таңдауы, оқу мекемесі мен ұсынылған жұмыс орнын таңдауында еңбекке қанағаттануын қалыптастырады.
Өндірістер мен кәсіпорындар арасындағы экономикалық байланыстардың құлдырауының жиілеуі жоғары дипломы бар манадар арасында бұрынғы материалдық деңгейін төмендетіп алуға соқтырады. Қосымша жұмыс іздеуші адамдар қатары көбеюде.
Жас адамдар әлі кәсіби болмаса да, өмірлік жолын мамандық алу өмір сүру жол таңдау тиіс. Олардың өміріндегі маңызда мәселе (оқу, тұрмыс, тұтыну, қарым-қатынас) мазмұнды әрі өндірістік еңбек етуге мәлімет бере отырып, индивиттің қоғамдағы әлеуметтік орнын анықтап қамтамасыз етілуін (материалдық ахуалы, білім деңгейі, беделі).
70 жылдар аяғында оқушылар үшін идеал ой еңбегінің жоғары кәсіби мамандығы болып табылады. Ол жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің жалғыз жолы болып қабылданды.
Қазіргі кездегі оқушылар үшін беделді мамандықтар түрлі кәсіпкерлік қызметтер, өндіріс сервисі, демалыс орындары мен көңіл көтеру орындары т.б. мамандықтар тез баюға мүмкіндік беріп жеке ұйымдастырушылық коммуникативті қасиеттерін дамытуға ең бастысы алдын-ала ұзақ кәсіби оқуды жиі талап етпейтіні ыңғайлы болды.
Кәсіп таңдау және жұмыс орнын іздеу қиындығы қазіргі жастардың сапалық білім түрі мен еңбек мазмұнына сәйкес келуі болып отыр. Академиялық білім күделікті өмірде практикалық қолданылу орнын таба бермейді. Сондықтан жас адамдардың қызметтік карьерасын білім деңгейі мен біліктілік дәрежесімен байланыстыра бермейтіндері аз емес.
Кәсіби білім алу барысында көптеген оқитындар мен студентер арасында алып жатқан мамандығына көңілі толмаушылық болады. Кейбір жеке пәндердің ұнамауы кәсіптік таңдау дұрыстығына күдік туғызып оқуға деген қызығушылықта төмендейді. Осы кезде кәсіптік таңдау дағдарысы орын алады.. Ол ереже бойынша кәсіби білім алудың бастапқы және соңғы жылдарында аса қатты байқалады. Бұл дағдарыс оқу мотивациясының әлеуметтік – кәсібилікке ауысуында жойылады.
Кәсіби білім алу аяқталғаннан кейін кәсіби бейімделі кезеңі басталады. Жас мандар өзіндік қызметін бастайды.
Мамандық таңдауда жас адам өзінің болашақ жұмысы жайында ойлайды. Кәсіби оқу мекемесінде бұл кеңейтілді.
Мамандық таңдау – бұл көбінесе адамның қоршаған ортаға бағынуы бейімделу стратегиясы арасындағы таңдау, бір жағынан жеке тұлғаның дамуындағы ішкі ресурстардан арылу старатегиясы, құндылықты – руқани проблемаларды шешуге қабілетті және қоршаған ортаға қарсы тұру қажеттілігі.
Мамандық таңдаудың индивдуалдың жағдайы (кәсіби жолды проектілеу мен жылжу) әр адамда жалпы құрылымды құрайды. Оның маңызды болашақта жастардың кәсіп таңдауын сегіз жағдайға бөлеміз.

  1. Отбасының үлкен мүшелерінің көзқарасы (немесе олардың орындағылары).

  2. Құрдастар көзқарасы (жолдас, құрбы) отбасында тыс қарым-қатынастағы маңызды адамдар.

  3. Мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері, мектеп тпсихологы (оқушы тарпынан) егер бар болса олардың көзқарастары..

  4. оқушының сол кездегі жеке кәсіби жоспарлары (оптанттық толық анықсыздығы белгіссіздік болса да).

Жеке кәсіби жоспардың (теоретикалық идеалды) жалпы құрылымы (болашақта) толық былай көрсетіледі.

  • басты мақсат (жас адам болашақта не істейді, қоғамдық – халықтық іске қандай еңбекті үлесі бар, кім болғысы келеді, неге қол жеткізгісі келеді, қандай өмірлік идеалы мен қызмет түрі бар).

  • Жақын арадағы және кейінгі мақсаттары – «өмірлік жетістік» (қызметтің алғашқы саласы ойлауға болатындай жалғыз мамандық жұмыс өз күшінің мүмкін алдын – ала врианттары мүмкін кәсіби оқу мекемелері кәсіби оқу мекемесінің, еңбектік орны - өзінің жұмыс күнін көру мүмкіндігі, кәсіби іскерлікті көтеру, оқу, карьера құру).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет