Бақылау сұрақтары:
1) Қазақстанның барлық өнеркәсіп саны?
2) Индустриализация дегенді қалай түсінесін?
3) Олардың ерекшеліктері.
25 тақырып.
1931-1932 жж. ашаршылық
Жоспар
1) Қазақ тарихындағы ашаршылық.
2) Ашаршылықтың зардаптары.
3) Ашаршылық қарсаныңдағы Қазақтар.
Кеңес дəуірі кезінде Қазақстанда алапат ашаршылықтар болып, халқымызды жер бетінен біржолата құртып жібере жаздады. Соның ішінде екі үлкен əлеуметтік апат еліміздің мəңгі есінде сақталып қалды. Мұның біріншісі – 1921-1922 жылдары, екіншісі – 1930-1933 жылдары болған ашаршылықтар. Оған не себеп болды, біз енді сол жөнінде ой толғасақ. Тарихшылардың, саясаттанушылардың пайымдауынша, оған кінəлі Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жеке меншігін тəркілеу, жою, əртүрлі ауылшаруашылық салықтарымен бас көтертпеу, күштеп отырықшыландыру, күштеп колхоздастыру, дəулеттілерді, зиялыларды «феодализмнің өкілі, буржуазиялық интеллигенция» санап, атып-асу, билікке жалшыларды тартып, қоғамды қолдан надандандыру. ВКП(б) Орталық Комитетінің Қазақстан өлкелік партия комитетінің басшылығына Голощекинді жібергені мəлім. Екінші пленумда сөйлеген сөзінде-ақ:«Ауылды кеңестендіру, бұл – шын мəнінде, Қазақстанды кеңестендіру. Сондықтан барлық салада біздің жұмысымыздың ілгерілеуі үшін қазақ кедейлерін ұйымдастырмай əсте мүмкін емес», — деп жар салған ол билік басына келгеніне екі ай өтер-өтпесте ауылдарды аралап көрмей-ақ, елдегі жағдайға өзінше баға беріп, байбалам салды. «…Ауылда байдың үстемдігі, рудың үстемдігі өзгерссіз сақталған, шын мəнінде өлкеде кеңес өкіметі орнамаған», — деп мəлімдеді. Сол кезде «Советская степь», «Еңбекші қазақ» газеттерінің бетінде Голощекиннің «Ауылды кеңестендіру», «Асыра сілтеу болмасын, аша-тұяқ қалмасын» деген сөзі ұран болып көтерілді. Сөйтіп, ол Қазақстанда «Кіші Қазан» өткізуге кірісті, қазақтың төрт түлік малын түгел сыпырып алып, мемлекет меншігіне бергізді, əсіресе, қазақтың «жаны» – жылқының көзін жоюға айрықша күш салынды. Сталиннен, партияның Орталық Комитетіндегі негізгі басшыларынан өзінің төтенше шараларды жүргізуіне, авантюристік бағытын берік ұстануына рұхсат алған Голощекин Қызылордада өткен 1927 жылғы 23 қарашадағы ВКП(б)-ның Бүкілқазақстандық конференциясында халыққа ашықтан-ашық айбат шекті. Ол: «…Сіздер Зиновьевтің: «Қазақстан Голощекиннің жеке билік құруы үшін басыбайлы берілді», — дегенін білесіздер, — деді. – Кез-келген топтың көсемдері Қазақстанға (өзіне дегені) қарсы шығып байқасын – бір аптаның ішінде күлі көкке ұшады». Осылайша қолына тиген шексіз билікті пайдаланған Голощекин бірінші кезекте өзіне қарсы шыққан білікті де білімді азаматтарды қуғын-сүргінге салып тентіретіп жіберді. Мұнан кейін «ұжымдастыру» деген желеумен көшпелі елді арсыздықпен тонатып, халықты əдейі ашаршылыққа ұрындырды. Қызыл империя бейбіт заманда қазақ ұлтына жасаған нəсілшілдік қылмысын əлемдік қауымдастық алдында жасырып, кеңестік цензура көп жылдар бойы 1931-1932 жылдардағы қазақ даласындағы ашаршылықты баспасөз бетінде жазуға, бұқаралық ақпарат құралдарында айтуға қатаң тыйым салды. Əкімшілік биліктің осынау ел ішіндегі арандату саясатына, əділетсіздік пен зорлық-зомбылыққа қарсы шыққандар «халық жауы», «бандалық құрылым» аталып, қырып жойылды. 1930-1933 жылдардағы қолдан жасалынған ашаршылықтан елімізде қазақтардың үштен бірі ғана аман қалды. Өйткені, 1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағының алғашқы мəліметтері бойынша, Қазақстанның ауыл халқы 1930 жылдың 1 маусымынан 1933 жылдың 1 маусымына дейін 3 миллион 379,5 мың адамға кеміген. Осы кемуден 1 миллионнан астам босқындарды шығарып тастасақ, 1930- 1933 жылдардағы аштық құрбандарының 2 миллион 200 мың адамнан асып түсетінін байқаймыз. 1992 жылы осы мəселені еліміздің Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы арнайы тексерген-ді. Сонда: «Қазақ елі аштықтан жəне соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 миллион 200 мың адамнан, яғни барлық қазақ халқының 48 процентінен айрылды», — деп бұл комиссия нақты тұжырымдама жасады. Қазір белгілі болып отырған жағдай, 1930-1933 жылдардағы қолдан жасалынған ашаршылықта негізінен, жас балалар мен əйелдер көп қырылып, оның халқымызға демографиялық зардаптары да ауыр тиді, ұлтымыздың сан жағынан өсуін тежеп тастады. 1897 жылғы патша өкіметінің санағына сенсек, қазақтар көрші өзбек ұлысынан үш есеге жуық артық, яғни 4 миллион 84 мың болыпты. Аштықтың ащы дəмін татпаған өзбек халқы бұл күндері 30 миллионға жуықтаса, қазақтарды шет елдегі қандастарымен қоса есептесек, орташа болжам бойынша саны 15-17 миллион шамасында ғана. Мұны еске алғанында кейбір тарихшылар: «Егер де 1930-1933 жылдары елімізде қолдан аштық жасалмағанында, қазақтардың саны 60 миллионның үстінде болар еді», — деп те ой толғайды. «Саяси маняк» Голощекин тұсында асыра сілтеушіліктің шын мəні саяси бүркемеленсе де, ол қызыл империя үстемдік құрған шақта айтуға да, жазуға да тиым салынған мəселе болса да, кейін бұл əлеуметтік апат «Қызылқырғын»,«голощекиндікгеноцид» дегентарихиатауғаие болды. «Голощекиндік зұлматтың қазақ халқына алып келген шығыны əлем тарихында (пайыз есебімен) гитлершілдердің Еуропадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара- пар келіп, Кампучиядағы «қызыл кхмерлер» зардабынан асып түседі. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20 ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады», — деп жазады белгілі демограф М. Тəтімов пен тарихшы Т. Омарбеков. Орыс ғалымы С.П. Швецов «үдере көшу» (откочевка) деген сөзді 1926 жылы Мəскеуден жарық көрген өзінің еңбегінде алғаш пайдаланған еді. Дəл осыған ұқсас жағдай Қазақстанда 1930-1933 жылдары да қалыптасты. Қазір көпшілікке белгілі Т. Рысқұловтың Сталинге Л. Кагановичке, В. Молотовқа жазған (1933 жылғы 9 наурыз) хатында мұндай үдере көшу көлемі төмендегідей суреттеледі: «…Қонысын тастап Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен-жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде 40 мың, Қырғызстанда 100 мың, Батыс Сібірде 50 мың, Қарақалпақстанда 20 мың, Орта Азияда 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жерінде, Тəжікстанға, Солтүстік өлкеге жəне басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды… Бұл қазақтардың көші-қоны (əдетте жаз айларында қолында бар малын жайлауға шығарып, өріс ұзатқан сияқты) емес, көп ретте адамдардың талғажу іздеп, бас ауған жаққа кетуі. Кейбір аудандарда қонысынан ауғандардың саны сол аудандарда тұратын барлық халықтың 40-50 пайызына дейін жетеді…» жылғы санақ бойынша ауыл халқы 5.873.000 адамды құраса, қаладағы халық саны 1930 жылы бірінші қаңтарда 732,7 мың адамды құраған. Арада үш жыл өткенде, яғни 1933 жылы ауыл халқының саны 2493,5 мың адамды құрап, үш жарым миллионға жуық адамға азайған. Есесіне қала халқының саны 1933 жылы 1 218 900 адамға жетіп, небары жарты миллионға көбейген. Жалпы аштықтың салдарынан қазақ халқы үш миллион адамнан айырылған. Ал енді аштықтың нақты да жантүршігерлік көрінісі қалай болды? Ол туралы мұрағат қойнауында деректер баршылық. Жеті адам қол қойған Шу елді мекеніндегі жағдай туралы төмендегі құжат осыны дəлелдейді: «…Шупоселкесінің маңайындағы төңіректе №75 барақтағы босқындар жатағының жəне тамақтандыру орнының санитарлық жағдайын тексеріп шықтық. Сонда мыналарғакездестік: ішінде босқындардың жатақханасы жəне тамақтандыру орны орналасқан №75 барақ жан төзгісіз жағдайда. Баспана əл-дəрмені таусылған, көбі əзер дегенде қозғалатын босқындарға лық толы. Баспана іші былғаныш, сасық. Жүзге тарта ашадамдар жерде жатыр. Баспананың айналасы ластанып кеткен. Барлық жерде сүйектер, жыртылған киімдер, адамдардың қоқыстары жəне шығыс жағында тоғыз өлік жатыр, барақтан біраз жерде солтүстік жерде тағы да өлік. Барақтың орнынан шығысқа қарай бір жарым шақырымдай қашықтықта шұқырда тағы бес өлік жатыр. Көмілмегені, сирақ жəне қар еттерінің кесіліп алынғаны кісі етін жеу болғанын айғақтайды. Қазақ бейіті жас молаға толы». Мұндай масқара құбылыстан басқа мынадай мысалға душар болып отырмыз: Сталин атындағы колхоздың №12 «Ақтас – Жартас» ауылында төрт адам он тоғыз адамды жеп қойыпты. Олардан адам еттерін жəне өлекселерін тауып алдық. Əлібек колхозында 22 адамның 21-і өлген кезде қалған біреуі өзінің туған ағасының етін жеген. Архив қойнауындағы деректерден ұғатынымыз, алапат аштық, əсіресе 1933 жылға қарай өршіп кеткен. Байқағанымыз: өлгендердің есебін ешкім де жүргізбейді. Өйткені өлгендер санына байланысты қойылған сұраққа поселкелік кеңес төрағасының орынбасары Сихымбаев былай деп жауап берді: «Қар ериді емес пе, міне, сонда өлгендер қаншама екенін көретін боламыз». Жылқының қиынан сұлы жинау, өлген малдың терісін жеп қою жағдайлары жиі кездеседі. Соңғы күндері адамды жеп қою туралы сөздер жиі таралып жүр. Үш жағдайды тексергенімізде мұның өзі азық-түлік алу үшін арандатуға ұқсады. Бірақ сенуге болатын да жағдайлар кездесуде (аудандық атқару комитетінің төрағасы Т. Тынысбаевтың мəлімдемесі). Бұл іске байланысты кінəлілер ұсталды. Тынысбаев жолдастың мəлімдеуінше, қамаудағы екі тұтқынға əйелдері алып келген шелектерде пісірілген адам еті бар болып шықты. Аудандық комитет уəкілінің айтуынша бұл адамдар ұдайы таяз молаларды ашумен айналысып, өлік етімен тамақтанып келген. Бұл мемлекеттік банк меңгерушісінің орынбасары Қ. Османовтың айтқаны: олардың ауласына кірген жиырма жеті жасар шамасындағы жігіт əжетханада адамның нəжісімен тамақтанған. Сүйек-саяқты немесе көшеге лақтырылған жеуге жарарлықтай əйтеуір бір нəрселерді жеп жатқандарды мен Изринович, Масин жолдастармен бірге Үштөбе БК(б)П аудандық комитеті алдында жəне Ақсуда кездестірдім». Міне, 1930-1933 жылдардағы ашаршылық келбеті осындай! Өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы нəубет-ашаршылық мұрағат құжаттарында осылай сақталып қалған. Сол кезең үшін өте батыл пікірлерді Ақтөбе облысы Жетіқара ауданы, Адай поселкесінің тұрғыны И.В. Коломийцтің хатынан оқуға болады: «… мен 7 жасымнан бақташымын жəне соғысқа 20 жасымнан қатыстым. Николканың таяғын да, Колчактың қамшысын да білемін, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі қызметкерлердің өзінен төмен бауырына деген адамгершілікке жат қатыгездігін де білемін.…
«Қараңғы» халық жер жыртпаса, тұқым сеппесе, бұзауларды суарып, саумаса, қырманға баспаса, не жер едің. Елді портфельшілер асырап отырған жоқ қой, олар оны тек бүлдіріп, сыпырып алуды, біздің еңбегімізді таптауды, бізді тамақ жегіміз келгені үшін жек көруді ғана біледі… Жоқ, жолдас Сталин, біз аштан өлген жағдайда, мамандар мен жауаптылардың балалары өсіп шығады, олар үшін өмір – бүлдірген, сонда ғана тірек мықты болады. … бірақ бізге үміт артудың қажеті жоқ…» Хат авторының тағдыры белгісіз, бірақбұрыштамада: «…тексерілсін, барлық деректер анықталсын… Сонымен қатар арыз айтушының саяси бет-пердесін əшкерелеу үшін арнаулы жауапты қызметшіні жіберу обкомға ұсынылсын», — деп жазылған. Мүмкін автор МСББ қабырғасында мəңгілікке қалып қойған да болар. Ашаршылық қазақ халқының дамуын 110 жылға кейін шегерді. «Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама» дейді қазақ. Бірнеше жыл қатарынан орын алған, дүркін-дүркін қайталанған ашаршылық зұлматынан ұлтымыздың əбден сансырағаны анық. Ашаршылықтың салдары қазақ халқының мəңгілік проблемасы болып қала береді деп ойлаймын. Жуырда ғана Президентіміз Н.Ə. Назарбаев: «Егер ашаршылық болмағанда біз қазір 45-50 миллион халық болып отырар едік», — деді. Егер біз қазір 45-50 миллион халықты құрап отырсақ, даламыз шын мəнінде осыған лайықболатын. Кезінде халықосы далаға сыймайотырды ғой. Мұхтар Əуезовтің «Абай жолын» оқысаңыз, əрбір құдыққа, қыстауға таласып отырған рулардың неліктен сыймай отырғанын аңдауға болады. Яғни, сол заманда қазақ өз жерін толық игеріп отырды. Біз қазір 45-50 миллионды құраған ұлт болып отырсақ, саны жөнінен əлемдегі ұлы ұлттардың қатарында болар едік. Бізде тіл, діл, дін проблемасы да, ұлтаралық проблеманың да ешқайсысы болмаған болар еді. Өйткені, саны көп халыққа кейбір ауытқулар əсер етпейді, жойылу қаупі төнбейді. Халық саны көп болған сайын жаһандану да оның жанын мазаламайды. Ал, саны азайған сайын ұлттың тіліне де, дініне де, қанының сұйылуына да, территориясына да қауіп төнеді. Мемлекеті қалт- құлт етіп тұратындай əлсіз болады. Яғни, қауіптің барлығы халық санының аздығынан шығады. Бұл – ашаршылықтың демографиялық саяси салдары. Екіншіден, мұның психологиялық жағынан үлкен зардабы болды. Біз, қазақ, өте еркін халық едік. Төбесіндегі Тəңірге ғана табынған ер мінезді халық едік. Ал, 1932- 1938 жылдары халық жер бетінде болмаған дозақ сұмдықтан өтті. Аш адамдар бірін- бірі, өз балаларын жеп жатты. Яғни, халықтың есі ауысып кетті, қорықты деп білемін. Қорыққан халық көмпіс, ыңғайшыл болып шыға келеді. 1950, 1960, 1970 жылдары халқымыздың жаппай орыстануы, бала-шағасын тек орыс мектебіне беруі, қазақтың «қазақ» деген атаудан шошуы, өзінен өзі жеруі, орыс болуға тырысуы, барлығы 1920-1930 жылдардағы ашаршылық апатының психологияға ұрған салдары. Яғни, одан кейінгі халық тек күн көруге ғана, қара тобырға айналуға шақ қалды. Қара тобыр дегеніміз жеген ас-суын ғана біледі. Осындай психология бізде көпке дейін сақталды. Ұлтты қорғаушылар азайып, ұлтты қорлаушылар көбейген заман болды. 1920-1932 жылғы ашаршылықтар халықтың санасын сансыратып тастады. 1930-1940 жылдардағы бірін-бірі көрсетуі қорыққан адамның құлдық психологиясынан шығады. 1950 жылдардағы сатқындық, ұлтқа қарсы интеллигенцияның өз шабуылы, ұлттың қорғаушыларының азайып, ұлтты қорлаушылардың көбеюі трагедия емес пе?! Осы жағдай Сталиннің көзі тірі кезінде орын алды, оның зардаптары одан əрі созылып, халықтың бала-шағасын орыстандыруымен көрінді. Қазір біздің арамызда миллиондай шала қазақ жүрсе, олар қорыққан комформист интеллигенцияның бала-шағалары деп білемін. Олар қазақ болудан қорықты, тағы да ұлтшыл деп ұстай бастай ма деп үрейленді. «Заманға адам күйлемек, заманы оныилемек»дегенАбайдыңсөзіндегідей, өкінішке орай, интеллигенция заманға күйледі, идеология оны иледі. Күресе алмады. 1932-1933 жылдарғы ашаршылықтан, 1937-1938 жылдары орын алған қудалаудан халықтың рухы сынды. Əрине, бұл дүрбелеңнен басқа халықтар да өтті. Бірақ, ашаршылық қазақ үшін ұлттық қасірет болды. Оның салдарынан əлі күнге құтыла алмай келеміз. Қазақтың бойындағы ұлтсыздық, тілсіздік, дінсіздік, кейде сатқындық деген жаман əрекеттерді ушықтырған, комформист жасаған Сталин, Голощекин басқарған большевиктік дозақ деп білемін. Шындығында, мұндай дозақтан халықтың аман өтуі мүмкін емес еді. Əйтеуір, Құдай сақтап, жарты халық қалсақ та аман өтіппіз. Сондықтан, бұл біздің тарихымыздағы ең қаралы, ұлттық қасірет. Ешқашан ұмытылмауға тиіс Ұлттың Ұлы Қасіреті. Мұндай зұлмат жылдардағы ел қасіреті қазақ əдебиетінде, əсіресе, өзінің «Бейімбет Майлиннің, Ғабит Мүсіреповтің шығармаларында айқын сипатталды. Бейімбет Майлин 1921 жылғы ашаршылықты Күлпəш», «Ашаршылық құрбаны» деген əңгімелерінде жазды. Би-ағаң ашаршылық тақырыбын əңгіме жанрында болса да, керемет классикалық үлгіде жазды. 1940 жылдары ақын Жақан Сыздықов «Əли қарт» деген шағын ғана поэма жазды. Сол үшін ол жазаланған, кітабы өртелген болатын. Өткен ғасырдың 90-жылдарға жақындағанда Балғабек Қыдырбекұлы «Алатау» романын жазды. Соның ішінде бір тарауы ашаршылыққа арналған. Өйткені, роман Жетісу тарихынан сыр шертетін. Содан кейін Адам Мекебаев 90- жылдары «Құпия қойма» деген шағын роман, Кəкімбай Қазыбаев «Сұрапыл» романын жазды. Бұл ашаршылық тақырыбында өте талантты жазылған шығарма. Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» трилогиясы кеңестік кезеңдегі қазақ халқы бастан өткерген геноцид туралы жазылған кең тынысты шығарма. «1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты» Б. Аяғанның редакциясымен ғылыми-көпшілік монография жарық көрді. Мұның бəрін қосқанда осынау ұлттың ұлы қасіретін өз деңгейінде толық қамтыдық деп айта алмаймын. Бұл трагедияны толық қамту мүмкін емес. Өйткені, бұл сол кездегі əрбір ауылда, отбасында болған, 4 миллион қазақты жалмаған трагедия. 1931-1933 жылдардағы Қазақстандағы аштықты кеңестік отаршыл саясатқа сəйкес қазақ ұлтына қасақана қарсы жасалған геноцид деп танылды жəне «Қазақстандағы ашаршылық құрбандарын еске алу күні» белгіленуіне қол жеткіздік. Сол күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Қазақстандағы орыс православ шіркеуі мен Рим-католик шіркеуі, сондай-ақ өзге де діни бірлестіктер тарапынан мешіттерде, соборларда, шіркеулерде, ғибадатханаларда ашаршылық құрбандары аруағын құрметтеуге бағышталған діни рəсімдер орындалып, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан қаралы митинг ұйымдастырылуы қажет, ашаршылық құрбандары жаппай жерленген, көмілген зираттар мен қорымдарды анықтау жəне сол орындарға белгітастар, ескерткіштер орнату іс-шаралары жыл бойы жүйелі жүргізілуі керек. Қазақтың сүттей ұйып отырған талай отбасы ашаршылық қасіретінтартып, жоқ болды. Бүгінде сол ел қасіретін тартқан аштықтың алғашқысына 90,соңғысына 80 жыл толып отыр. Бұл естен шығаратын кезеңдер емес. Мұндай қасіретті тарихты, 31 мамырда ашаршылық құрбандарын əрқашан еске алып отыру – бүгінгі жəне кейінгі ұрпақтың аруақтар алдындағы басты борышы. Дүние жүзі қазақтарының І Құрылтайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев: «Қазақ даласын жайпап өткен 1932-1933 жылдардағы апатты ашаршылық 6 миллион қазақтың 2,2 миллионының өмірін жалмап кетті. Осы бір қайғылы дерек – халықтың ғасырлар бойы ұмыта алмас қасіреті», — деп атап көрсеткен болатын. Мұндай қасіретті тарихты, 31 мамырда ашаршылық құрбандарын əрқашан еске алып отыру – бүгінгі жəне кейінгі ұрпақтың əруақтар алдындағы басты борышы. Етек-жеңі жиналған ұлт боламыз десек, осыны ұмытпай, жадымызда ұстауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |