Кiрiспе. 30 тамыз 1995 ж. ҚР жаңа Конституциясын қабылдау. Конституция құрылымы. Жоспар



бет28/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#86401
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
лекция

Бақылау сұрақтары:
1) Қазақстанда қанша адам тұрады?
2) Майдандағы ерлігі үшін қанша адам қатысты?
3) Қай жылы Президент жарлығы шықты?


27 тақырып.
Қазақстан соғыстан кейінгі уақыт.
Жоспар
1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан (1946-1953 жж.).
2. Хрущевтік «жылымық» жылдарындағы Қазақстан (1953-1964 жж.).
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград , Ленинград, Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді. 20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді. 1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бүл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй қүрылысының саны көбейді. Алайда, өкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды. Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты. Жұмысшылар мен қызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл сатып алушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқты. Ерікті-мәжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетіп, олар артық еш нәрсе сатып ала алмады. Сол уақытта кең қолданылған бағаны төмендету насихат саясаты әуелден негізсіз болып, халықтың көпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайың нашарлату есебінен жүргізілді. 50-жылдардың басында колхозшылар жүмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды. Үкімет жүргізген ауылдан азык-түлік өнімдерін ете төменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл еңбекшілерінін; түрмыс жағдайларының көтерілуіне колайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бүл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдық мүқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды. Бүл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайьн боямалап көрсету салты тарихи шындықка карсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса көріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» әрекеттері идеологиялық диверсиялар ретінде қарастырылды. Жағымсыз қүбылыстардың себептерін іздеу «Кім кінәлі?» деген сүрақпен алмастырылды. Барлық себептер, көбінесе, өткен соғыс пен капиталистік қоршаудан іздестірілді. Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінін сакталуы мен шиеленісуі женіндегі теориялық нүсқау да идеологиялық теке тіресті Кеңес мемлекетінің өз ішінде де, халыкаралық дәрежеде де арттыра түсті. «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы наукан іс жүзінде үздіксіз жүргізілді. Соғыстан кейінгі қоғамда пісіп-жетілген езгерістердің қажеттігін түсіну әкімшілік жүйесінің бірқатар идеологиялык және қуғындау сипатындағы шаралармен шебер басылып тасталды. Алайда 40-жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басында рухани жағдай түншықтырылғанымен, біржолата күйреген жоқ. Сталиннің өлімінен (1953 жылғы 5 наурыз) кейінгі алғашқы жылдардың өзінде қоғамда мүмкін болатын өзгерістердің сипаты жөніндегі мәселеге екі бағыт, екі көзқарас қалыптаса бастады. 1953- 1954 жылдары өзіне қоғамның көпшілік бөлігінің назарын аударған социалистік қоғамдағы карамақайшылықтардың сипаты, тарихтағы жеке адам мен халық бұқарасының рөлі, теория мен практиканың арақатынасы, басшылыктың үжымдылығы т. б. сияқты кекейкесті проблемалар женінде пікірталастар басталды. Жүріп өткен жолға сын көзбен қарау, қоғамды толқытқан сүрақтардың шешімін қарастыруда КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумы (1953) жауап берді. Денсаулығының құрт нашарлауының нәтижесінде 1953 жылы І наурызда И. В. Сталиннің миына қан. құылды. Мәскеуде «көсемді» жерлеу кезінде көптеген адамдар халық нөпірінің астында қалып қаза тапты. Кейбір адамдар, әсіресе қуғын-сүргінге үшырағандар «көсем» әліміне қайғыра қойған жок. Қоғамдық өмірдің демократиялануы жолындағы маңызды кезең жазалаушы органдардың басшыларының бірі, КСРО Ішкі істер халқомы (министрі), КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, КОКП ОК Президиумының мүшесі Лаврентий Берияның қылмыстық қызметшің жолын кесу болды. 1953 жылы шілдеде КОКП ОК Пленумы Сталиннің жақын серіктерінің бірі, саяси арандатушы және қаскұнем ретінде ОК құрамынан және КОКП-ның қатарынан шығарды JI. П. Бериямен бірге негізінен мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болған оның көмекшілері тұтқындалып, соңынан атылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет