Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны


Дәріс. Аннотация. Кіріспе. Өзектілігі. Мақсаты, міндеттері. Болжамдары. Қорытынды



Pdf көрінісі
бет50/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар
Қазақ әдебиеті методикасы 4 семинар
 
Дәріс. Аннотация. Кіріспе. Өзектілігі. Мақсаты, міндеттері. Болжамдары. Қорытынды. 
Қосымша. Сілтеме жасау, оның түрлері

Аннотация (аңдатпа) 
– бұл тұтас мақаланың қысқаша нұсқасы. Мұнда автор мақалада шешімін 
беретін мәселені, мақсаты мен зерттеу нәтижесін сипаттау қажет. Оқырманға құнды болатын бар 
өзектілігін көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде ғалымға оны ары қарай оқуға тұратын-тұрмайтындығын 
анықтауға көмектеседі. Аннотацияны зерттеу жұмысының негізгі бөлігінің орындалып, зерттеу 
аясы түсінікті болған кезде жазу қажет. Оны ғалымның зерттеу кезінде ашқан мәселесін нақты 
түсіне отырып жазуы аса маңызды. Аннотацияны қалай жазу керек? Жазылу тілі ғылыми әрі 
барлығына, әсіресе, сол пән төңірегінде қызмет ететіндер үшін түсінікті болуы қажет. Негізгі ойды 
мәні бойынша құрып, қысқаша беру керек, сонымен қатар құрылымына қойылатын талаптарды да 
ескерген жөн. Естеріңізде болсын, аннотация ғалымдарды жұмысты оқуға итермелеуі қажет, 
сондықтан да ерекше болып, онда маңызды деректердің қамтылғаны дұрыс. Аннотацияның 
сөйлемдерін қысқа қылып жазған абзал. Сізге оны жазу үшін бос орынды қоса алғанда 500-ге 
дейін символ беріледі. 
Аннотацияның академиялық тілге аударылуы
.Сіз жарияланым жасау үшін Scopus және/немесе 
Web of Science деректер базасында индекстелетін халықаралық журналды таңдадыңыз ба? 
Ендеше, аннотацияны ағылшын тіліне аудару қажет. Ол үшін академиялық аударма бойынша 
тәжірибесі мол кәсіби аудармашыға жүгінген жөн. Өйткені журналдың рецензенті, Сіздің 
әріптестеріңіз зерттеу жұмысының мәнін дұрыс түсінгендері абзал. Біз өздерінің ғылыми 
жұмыстарын жүргізумен қолдары босамайтын ғалымдарға кейде редакциялау, журнал немесе 
деректер базасының талаптарына сай ресімдеу жұмыстарын жасау қаншалықты қиын екендігін 
білеміз. Сондықтан да техникалық редактура бөлімінен біздің мамандарымыз мақалаңыз барлық 
талаптарға сай болып, бірден сарапшылық рецензиялаудан сәтті өтуі үшін қуана-қуана 
материалыңызды жетілдіруге дайын. Егер де Сізге мақалаңызды жетілдіруде көмек қажет болатын 
болса, чат арқылы біздің маманымызға жазыңыз немесе сайттағы кез келген байланыс орнату 
нысанын қолданыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет