Тарихи жәдігерлерге не жатады? “Мәдени мұра” бағдарламасы.
Оқу мақсаттары:
Таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.
Сабақ мақсаттары:
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:;
Ұлттық тарихи жәдігерлер туралы білімдерін кеңейтеді;
Мәтіндердің жанрлық ерекшелігін анықтау дағдыларын дамытады;
Берілген мәтінді ғылыми стильдік ерекшелігін сақатап, тезис, аннотация ретінде рәсімдей алады;
Ұлттық тарихи жәдігерлер туралы білімдерін кеңейтеді, аннотация және тезис жазу дағдылары дамытылады
Жəдігер дегеніміз- атадан балаға баладан немереге мұра болып келе жатқан дүние.Ол мейлі бір зат болсын немесе кітап болсын, не болмаса әшекей болуы мүмкін,бабасынан мұраға қалған затты жəдігер дейді.
Тезис
Тезис дегеніміз не?
Тезисті құрастыруда нені басшылыққа алу керек?
Тезис қандай үлгідегі мәтіндермен жұмыс жасауды жеңілдетеді?
Тезистер-мақаланың, кітаптың, баяндаманың негізгі ережелерінің қысқаша мазмұны; бұл тұжырымдар, қорытындылар, оқырман дәйексөз түрінде немесе егер олар бекіту сипатында болса, өз тұжырымында жазып береді.
Дайын мәтіннің тезистерін дұрыс құрастыру үшін, мәтінде, оның әр бөлігінде (жоспарды жасау кезінде нені үйренгеніңіз) ең бастысын табуға үйрену керек. Сондықтан қандай да бір мәтіннің тезистерін жасауды осы мәтіннің жоспарын құрастырудан бастаған жөн. Әрбір тезис жоспардың тиісті тармағына қарағанда мәтіннің қандай да бір бөлігін ғана атай алмайды, осы бөлікте жасалған негізгі жағдайды өте қысқа баяндайды.
Тезистер-мәтінді қысқартудың ең күрделі түрлерінің бірі. Дұрыс құрастырылған тезистер мақала,баяндама, рефератпен жұмысты жеңілдетеді.
Мәтінді қысқарта білу тек жоспар мен тезистерді құрастыру үшін ғана емес, сонымен қатар конспектілерді құрастыру үшін де маңызды..
Тезис құрылымы баяндаманың құрылымы сияқты - кіріспе, негізгі бөлім, және қорытынды бөлім. Негізгі бөлімнің бөліктері логикалық байланысты болады. Тезис мәтін түрінде жазылады. Әрбір ой жаңа абзацтан жазылады.
Аннотация
Аннотация аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) –қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. (кітап, мақала).
бұл жанрдың басты қызметі – жаңа басылымдар туралы (жарнамалау мақсатында) хабарлау.
Кітаптың алғашқы немесе соңғы бөлігінде жазылады.
Аннотация кітаптың ( мақаланың ) мазмұны туралы жалпы ақпарат береді, бірақ толық тоқталмайды.
Кіріспе:
- кітап (мақаланың) авторы,
- кітап (мақаланың) атауы,
- баспа атауы ,
- шығуы туралы ақпарат ( баспа орны, уақыты),
- басылымның көлемі(бет саны).
Аннотация өте қысқа мәтін түрінде болады. Жүйелілік пен жинақылық тән. Жай сөйлемдер мен жақсыз сөйлемдер қолданылады. Есімше, көсемше тұлғалы етістіктер қолданылады.
Мәтінді мұқият оқыңыздар.
ТАПСЫРМА :
Бағалау критерийлері: мәтіндердің жанрын анықтайды;
құрылымын анықтайды;
мақсатты аудиториясын анықтайды;
тілдік ерекшеліктерін анықтайды;
.
Мәтінді мұқият оқыңыздар.
Дескрипторлар: Кестеде берілген сұрақтарға бір сөйлеммен жауап бере алады.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақ
|
Мәтін мазмұны негізінде жауап
|
Таяуда UNESCO-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне не енді?
| |
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Қашан және кімге арналып салыған болатын?
| |
Сарыарқа - Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдерінің маңызы қандай?
| |
Қазақ күресінің маңызы қандай?
| |
Күй дегеніміз не?
| |
Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптарын атаңыздар.
| |
2009 жылдың 30 қыркүйегінде UNESCO қандай мейрамды адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізді?
| |
Тапсырма:
Бағалау критерийі: Аннотация:
Кіріспе (автордың тегі, мақаланың аты, авторы, баспасы, көлемі)
Негізгі бөлім: мақаланың не туралы екеніне тоқталады;
Қорытынды: мақсатты аудиториясын көретеді.
Қажетті сөз оралымдарын қолданады.
Сөз саны (90-100) сақтап жазады.
Жұптағы 1-оқушы аннотация, ал 2-оқушы тезис жазыңызар.
Тапсырма :
Бағалау критерийі:
Жұптағы 1-оқушы аннотация, ал 2-оқушы тезис жазыңызар
Тезис:
Кіріспе. Мәселе көтеріледі.
Негізгі бөлім. Мәселені шешу жолдары талқыланады.
Қорытынды. Автор ұсыныс білдіреді.
Қажетті сөз оралымдарын қолданады.
Сөз санын(180-200 ) сақтап жазады.
«Карусель»әдісі
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Достарыңызбен бөлісу: |