Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология



бет32/43
Дата13.05.2020
өлшемі412 Kb.
#67818
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
1. 1-Тақырып

Рецепт үлгісі

Емен қабығының (cortex Quercus) қайнатпасының 200 мл жазыңыз. Шаюға белгілеңіз.




Rp.: Decocti corticis Quercus 200 ml

D.S. Шаю үшін.


Дәріханада 200 мл қайнатпа дайындау үшін 20,0 емен қабығын алады.


Тұндырмалар – Tincturae

(Тұндырма - Nom. sing. Tinctura, Gen. sing. Tincturae)

Тұндырмалар - әртүрлі өсімдіктерді спиртте тұндыру арқылы алынатын мөлдір сұйықтықтар. Барлық тұндырмалар (барлығы фармацевтикалық өндірістерде дайындалады) официнальды, тұнбалар мен қайнатпаларға қарағанда тұрақты дәрілік түр болып табылады. Тұндырмалар тығындалып жабылған шыны ыдыста, қалыпты бөлме температурасында қараңғы жерде ұзақ сақталынады.

Тұндырмалар официнальды болғандықтан, рецепте өсімдік бөлігі мен тұндырманың концентрациясы көрсетілмейді.

25 мл шүйгіншөп (Vаіегіаnа) тұндырмасын 25 тамшыдан күніне 3 - 4 рет қабылдауға жазып беріңіз.


Рецепте дәрілік түрдің атауы Tincturae (Тұндырмалар), одан соң өсімдіктің атауы мен тұндырманың мөлшері көрсетіледі. Тұндырмаларды тамшымен мөлшерлейді. Тұндырманың мөлшері 5-50 мл құрайды.

Рецепт үлгісі

Rр.: Тіnсturае Vаlеrіаnае 25 ml

D.S. 25 тамшыдан күніне 3-4 рет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет