Физиология (грекше physis – табиғат, logos - ілім) – тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, ұлпалары және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.
Физиология (грекше physis – табиғат, logos - ілім) – тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, ұлпалары және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.
Физиология – тірліктану ғылымы. Ол тіршілік үрдістерді, олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.
Эволюциялық физиология – адам мен жануарлардың онтогенез (жеке даму) және филогенез (тарихи даму) кезінде физиологиялық әрекеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік заңдылықтары мен тетіктерін қарастырады.