Кіріспе. Гигиена негізгі алдын алу пәні ретінде. Мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Медициналық білімдер жүйесіндегі гигиенаның ролі. Су денсаулық факторы ретінде. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу. Жоспары



бет17/20
Дата07.02.2022
өлшемі315,13 Kb.
#91754
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
327839g

Сүзу жылдамдығы бойынша оларды:
1. баяу (сағатына 0,1-0,2 м)
2. жылдам (сағатына 6-8 м)
3. ете жылдам (сағатына 100 м) деп бөледі.
Баяу сүзгілер. Коагуляция жүргізілмеген суды сүзу үшін қолданылады,
Дренаждық қондырғының үстінде гравийден немесе борпылдақ тастан (щебенка) ұстап тұратын қабаты, содан соң сүзгіш материалдар (көбіне құм) қабаты орналасады. Су жоғарыдан төмен карай сүзіледі, оның нәтижесінде құмның беткей қабатында өлшенді заттардан тұратын қабықша пайда болады,
Баяу сүзгінің сызбасы.
Үлкен көлемде ауыз суды тазартуда жылдам сүзгілер кеңінен таралған, оны коагуляция және тұндыру үрдісінен кейін қолданады. Жылдам сүзгілерде су тесікті түбінде орналасқан, жоғарыдан төмен қарай оның сүзгіш (құм) және гравийді ұстап тұратын қабатынан өтеді. Судың сүзілу жылдамдығы сағатына 6-8 м, бірақ үздіксіз кейін 8 сағат жұмыс істегеннен суды қажетті қысыммен кері ағызу арқылы сүзгілерді тазартып отыру қажет.
Жылдам сүзгінің сызбасы.
а-су қабаты; б-құм; в - гравий; г - дренаждық құбырлар
Екі ағынды КША сүзгілері қазіргі уақытта жетілдірілген болып саналады. Бұнда дренаж сүзгіш қабаттың қалындаған жерінде орналасады, сондықтан да судың сүзілуі басқа қарапайым сүзгіштердегі сияқты жоғарыдан төмен қарай сүзіліп қоймай, сондай-ақ дренаждың астында орналасқан төменгі қабат арқылы да теменнен жоғары қарай сүзіледі .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет