КША сүзгісінің сызбасы.
1; 3 - сүзіліу үшін суды жіберу;
2 - сүзілген су.
Қазіргі уақытта жетілдірілген сүзгілердің бір түрі болып, жанаспалы мөлдірлендіргіш табылады, жедел сүзгінің бір түрі, мұнда су төменнен жоғары қарай ірі түйіршікті заттардан майда түйіршікті заттарға қарай ағады. Ол лайлылығы және түстілігі төмен суды тазарту үшін қолданылады және мөлдірлендіргіштерді қолдануда бір сатылы схемасымен суды тазартуға, пайдаланатын қондырғылар көлемін қысқартуға (коагуляция үрдісін, тұндыруды, сүзуді жүргізетін қондырғы) және коагулянт шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Судың мөлдірленуі бұл қондырығыда жанаспалы коагуляцияға негізделген, ол үдемелі түрде түйіршікті ортада жүреді. Су мөлдірлендіргішке түсер алдында коагулянтпен араласады, онда ішінде ластағыш заттарды ұстап қалуды қамтмасыз ететін гравийлі және құм қабатынан өту арқылы жанаспалы коагуляция жүреді. Бұл үшін судың лайлылығы литрына 150 мг-нан, түстілігі 1500-тан аспауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |