1861 жылдың қыркүйегінде Шпейер қаласында (Германия) болған жаратылыс зерттеушілер конференциясында А.М.Бутлеров “Заттардың химиялық қүрылысы туралы” баяндама жасады. Міне, осы баяндамада ол құрылыс теориясының негізгі идеяларын ұсынды. Бұл теорияның мәні төмендегідей негізгі қағидалардан тұрады:
I. Молекуладағы барлық атомдар өздерінің валенттіліктеріне сәйкес ретпен (тәртіппен) байланысады. Молекуладағы атомдардың қосылысу тәртібін және олардың арасындағы байланыстың сипатын А.М. Бутлеров химиялық күрылыс деп атады.
Жоғарыда айтылған көміртектің төрт валентгілігі және олардың бір-бірімен тізбек түзе қосылуы туралы түсініктер құрылыс теориясының құрам бөлігі болып табылады. Көміртек атомдары бір-бірімен қосылысқанда, олардың арасында бір, екі және үш байланыстың болатыны және көміртек атомдарының тізбегі ашық та, тұйық та болып келетіні анықталды:

2. Заттардың касиеттері олардың сапалық және сандық қүрамдарына ғана емес, сонымен бірге молекуладағы атомдардың бір-бірімен байланысу ретіне және олардың арасындағы байланыстың сипатына да тәуелді болады. Құрылыс теориясының бұл кағидасы органикалық химияда кең тараған изомерия қүбылысына түсінік береді.