XIX ғасырдың ортасына дейін органикалық химияны өсімдіктер мен жануарлар организмінде түзілетін затгарды зерттейтін ғылым деп келді. “Организм” деген сөзге сәйкес органикалық химия деген атау пайда болды. Ғылымның дамуына сәйкес, бұл атаудың мағынасы түбірлі өзгеріске ұшырады, солай бола түрса да, осы тарихи атау сақталып, бүгінге дейін жетіп отыр.

Қазіргі кезде органикалық химия деп, көміртек қосылыстарын және олардың туындыларын зерттейтін ғылымды, ал органикалық заттар деп, құрамында көміртек элементі бар заттарды айтады.
Орта ғасырда жаңадан дамып келе жатқан химия ғылымы алхимиктер еңбектерінің арқасында біршама ілгері жылжыды.
Орта ғасырда жаңадан дамып келе жатқан химия ғылымы алхимиктер еңбектерінің арқасында біршама ілгері жылжыды.
Мысалы, айдау әдісін тауып, оны жетілдіру нәтижесінде, араб алхимиктері 900 жылдарда таза шарап спиртін алды.
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында М.В.Ломоносов пен А.Лавуазье материя сақталу заңын ашып, химиядағы зерттеулердің сандық-мөлшерлік әдісіне жол салды.
Химиялық анализ саласының дамуы химиялық заттарды тазарту әдістерін жетілдіруге ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде, ХҮІІІ ғасырда біркатар органикалық заттар (мочевина, шарап, лимон, алма, галл қышқылдары және т.б.) бөлініп алынды.